Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Исламтану кафедрасы

Исламтану кафедрасы 2001 жылы ашылды.

«Исламтану» мамандығы үш сатылы деңгейде оқытылады.

Университет түлектері имам-хатиб, исламтанушы, дін саласының қызметкерлері жұмысын атқара алады.

Қазіргі таңда кафедрада 38 оқытушы-профессорлар қызмет етеді.  Оның 1  профессор, 4 доцент, 11(PhD) доктор, 1 кандидат,  10 аға оқытушы, 6 магистр, штаттан тыс  5 оқытушы.

 

КАФЕДРА ТАРИХЫ

2004-2012 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін (PhD) шариғат ғылымдарының докторы Ато ас-Сынбати;

2013 жылы кафедра меңгерушісінің қызметін (PhD) Шариғат  ғылымдарының докторы Атыия Фатхи Мұхаммед Әли әл-Фиқи;

2014-2017 жыл аралығында кафедра меңгерушісі қызметін (PhD) Негізгі ислам білімдері ғылымының докторы  Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы;

2017 жыл қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі  Исламтану ғылымы бойынша (PhD) докторы Анарбаев Нұрлан Сайлауұлы.

КАФЕДРАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ

Бүгінгі таңда кафедрада  38 оқытушы-профессорлар қызмет етеді. Оның 51 % ғылым кандидаттары мен докторлар.

Кафедра оқытушылары  Құран Кәрім, құрандағы мораль, бала тәрбиесі, исламдағы отбасы, ақида, Қазақстандағы сопылық, ақида, пайғамбар өмірбаяны, хадис секілді пәндерге жауапты. Ұстаздар тек өз сабақтарымен ғана шектеліп қоймай,  қосымша ашық сабақтар өткізіп,  біліктіліктерін қазіргі замануи талаптарға сай арттыру үстінде. Университетіміздің докторанты Нұржан Стамбакиев пен Құрмет Смағулов басшылығымен университетте қосымша ақида негіздері, фиқһ, хадис, сира пәндері бойынша студенттерге лекция оқытылады.

Кафедраның оқытушы-профессорлары халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, университет баспасының атынан кітаптар шығаруда.

Кафедра бойынша  Акимханов Асқар, Қайрат Жолдыбайұлы, Жамашев Азамат, Рахымғазиев Жайдар, Смагұлов Құрмет, Сейитмаматов Нұрлан, Илимбаев Ризабек, Шайзан Бауыржан, Стамбакиев Нұржан, Смагұлов Нұржан, Жұматаев Әбілқайыр, Оразғалиев Ақылжан, Ілесбеков Бижан, Исмаилов Олжас, Үйсенбаев Бейбіт, Сарипбеков  Асқарбек студенттерге куратор-эдвайзер.

 

 Исламтану кафедрасының даму стратегиясының бағыттары

Исламтану мамандығына қабылдау емтихан бағдарламасы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары

бойынша үлгілік оқу жоспарлары

 Элективті пәндер каталогы

 Практика базалары

 Профессор-оқытушы құрамының марапаттары

 Профессор-оқытушы құрамының біліктілігі

 Профессор-оқытушы құрамының ғылыми еңбектері

 Жұмыс берушілер

 Түлектер