Кітапхана

Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.

Кітапханадағы кітап қоры мол әрі маңызы жағынан сапалы болса оқырмандарға нәтижелі қызмет көрсетілетіні белгілі.

Университет кітапханасының кітап  қорын ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар,  университет  оқытушыларының оқулықтары және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры университет бағытына сәйкес толықтырылып  отырады. Кітапхана қорында Қазақстан Республикасының Үкімет және билік органдарының басылымдары, қазіргі заманғы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар қазақ-орыс тілдерінде кең орын алған.

Университет әкімшілігінің қолдауымен кітапхананың кітап қоры үнемі жаңа құжаттармен, тек оқу әдістемелік бағытта ғана емес, оқырмандардың әр – түрлі сұранысын қанағаттандыратын әмбебеп мазмұндағы әдебиеттермен толықтырылып отырады. Кітап қорын толықтыруға бюджеттен қаралған қаржы көлемі жылдан жылға елеулі көбейіп отыр, кітапхана қоры тек әдебиеттер, мерзімді басылымдармен бірге дәстүрлі емес ақпарат тасмалдаушы көздер компакт дискілер, электронды оқулықтармен толықтырылуда.

 

Мақсаты мен міндеті

Кітапхананың негізгі міндеттері:

Кітапхананың негізгі мақсаттары болып табылады:

  1. оқытушы-профессорлар құрамын, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, студенттерді университет профиліне сәйкес сұраныстарына қарай  ғылыми еңбектермен, оқулықтармен, мерзімді басылымдармен орыс және қазақ тілдерінде қамтамасыз ету;
  2. кітапхана қорын университеттің профиліне және оқырмандардың сұраныстарына  сәкес жинақтау;
  3. ақпараттық мәдениет және оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу. Жаңа ақпараттық режимде жұмыс істеу бағдарламаларымен таныстыру.

Мақсаттары:

Кітапхана өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Оқырмандарды оқырман билеттері арқылы оқу залдары, абонемент және басқа кітап беру пунктерінде дара және топтық ретте қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
  • Оқырмандарға  тегін қызмет көрсету:
  • кітапхана қоры туралы әртүрлі тәсілдермен толық ақпарат беру;
  • кітапхананың анықтамалық -библиографиялық аппараттарынан ақпарат алуға көмек көрсету;
  • оқырмандарға кітапхананың кітап қорындағы барлық әдебиеттерді уақытша пайдалануға беру;
  • алған құжаттардың мерзімін кітапхана ережесіне сәйкес созу;
  • әртүрлі анықтама, кітап тізімдерін, библиографиялық көрсеткіштер жасау, көрмелер және көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру.

ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы

Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Абай атындағы педагогикалық университет