Кітапхана

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы барлық оқырмандар категориясы үшін  мәдени,  ақпараттық, білім беретін, бос уақытты ұйымдастырушы және коммуникативті орталығы болып саналады. Сондықтан қордың құрамына кітаптар, оқулықтар, ғылыми оқулықтар, брошюралар, мерзіміді басылымдармен ақпаратты электронды тасымал-даулар енетін әмбебап қор қалыптасқан.

Университте  кітапхананың оқу залдары мен кітап қоры  4  және электродық кітапхана  3 қабатта орналасқан Кітапханаға  тиесілі екі оқу  залы, көлемі 116,2 кв.м.+ 80,8 кв.м; кітап қоры мен абономенттік бөлімінің  көлемі 150,05кв м  және электрондық кітапхана көлемі 150,5 кв.м;  Жалпы  көлем -498,3кв.м.;

Университетте сапалы компьютерлік база   жұмыс  жасайды. Олардың кітапханада интернетке  қосылғаны -28;  Кітапханалық-библиографиялық үдерістер «Рабис» автоматтандырылған кітапханалық бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.

Кітапхана қоры:

Университетімізде  сабақ араб және қазақ тілдерінде өткізілетін болғандықтан кітапхана қорының негізгі бөлігі араб тіліндегі  оқулықтармен   толыққан. Араб тіліндегі кітаптар Мысыр елінің Уақыптар министрлігінен, келген. Университеттің  ақылай қаржысы арқылы  оқу жылы басталысымен ұстаздардың тапсырысы бойынша пәндерге қатысты отандық және шетел  баспаларынан шыққан  кітаптармен кітапхана қоры  толықтырылып тұрады.

Одан да  басқа   2006  жылдан  президент Н.Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Мәдени мұра» бағдарламасы өткен  төл тарихымыз бен мәдениетіміз, әдебиетіміздің, ұлы ойшылдарымыз бен шешендеріміздің жәдігерлерін зерттеп, халыққа жеткізу болатын. Осы айтылған бағдарлама бойынша 2009-жылдан бастап кітапхана қорына  құнды,  әр саладағы  кітаптар түсіп, кітапхана қорын теңдесі жоқ  әдебиеттермен  толықтырып келеді

2012 жылдан кітапхана оқырмандары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығының  электронды білім беру мен ғылыми ресурстарын біріктіретін РЖООАЭК ( Республика-лық  ЖОО аралық электронды кітапхана) қорын айдалану  мүмкіндігіне қол жеткіздік. Республикалық жоғары оқу орындарына арналған  оқулықтары мен электронды кітапхананы  құрудағы басты мақсат – еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының электронды  оқыту ресурстарын бір ақпараттық жүйеге енгізу арқылы ондағы профессор, оқытушылар мен студенттерді кең әрі озық ақпарат қорымен қамту. Бұл электронды кітапхана – жоғары оқу орындарының электронды  кітапханаларын біріктіру арқылы құрылған біртұтас деректер қоры.  ҚРЖООҚ-ғы шығарған оқулықтарымен электрон-дық нұсқалары студенттер  мен ұстаздар қажеттін өтеп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған  «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» демеушілігінің арқасында діни кітаптармен бірге университетіміздің ұстаздарының да еңбектері басылып шығып оқырмандарымыздың қолдарына тиді. Бүгінгі күні кітапхананың қорында 108935 кітаптар мен кітапшалар бар, соның ішінде  43566  данасы мемлекеттік тілде,  96577 дана электрондық оқулықтар, әдістемелік құралдар.

Жыл сайын 2706 нан астам жылдық басылымдармен қамтамасыз етеді.

Kітапхана қызметі

Кітапхана ұжымы кітап қорының сапалы әрі көлемді толықтырылуымен  жұмыс жасайды. Кітапхана қорының оқырмандарға жүйелі түрде жеткізілуде, университет бөлетін қаржыны кітапхана қорына керекті, сапалы түрде нығайтуға , жаңалауға жұмсауда. Оқырмандардың сұранысын  жылдам әрі жүйелі түрде қамтамасыз етуде жаңа технологияларды пайдалана отырып анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүзеге асырылды. Хабарлаудың, түсіндірудің  түрлері ауызша, электрондық  анықтамалықтар мен картатекалық жүйеде, тематикалық тізімдері  бойынша  жүргізіледі.  Университеттің 1-ші курс студенттерімен жыл сайын библиографиялық сауаттылық негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.

Бүгінгі оқырман жастардың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасай бермек.

Кітапхананың көпшілік жұмыстары

Кітапхананың көпшілік жұмыстары көп жағдайда  даталы күндерге, аталып өтеттін шараларға  байланысты кітап көрмелерін ұйымдастыру;  Мәдени мұра бағдарламасы бойынша  келіп түскен кітаптарға байланысты «Өнер алды қызыл тіл» тақырыбында шешендік өнерді әспеттеу, «Ұлы тұлғалар сериясы» бойынша  елімізге еңбегі сіңген батырларымыз бен қайраткер-леріміздің өмірі жайлы кештер,  Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың кейіпкерлерімен, авторларымен  кездесулер ұйымдастыру, еліміздің атаулы мерекелеріне қатысты көріністер ұйымдастырылып өтіп жатады. Осы  кездесулер мен кештерден студенттердің алатын әсерлері ерекше.

Батыр, ақын, жазушы аналармен қыздарымыздың кездесуі.

1_bib

2_bib

М.Мақатаев-80жаста»-атты ғылыми танымдылық кешініне дайындық сәті.

4_bib

Кітапхана қызметкерлері:

Бейісбек Қалбибі  Жолшықызы –Кітапхана  меңгерушісі;
Тоқан Алтынгул    —  кітапханашы.   (оқу залы)
Майлыбекова Айзада Әбдіразаққызы- кітапханашы ( абонементтік бөлім)
Аймахина Гулжазира – менеджер.  (сараптау бөлімі).
Жолмұзаева Әсем – менеджер.  ( электрондық кітапхана)

Кітапхананың жұмыс уақыты:

9-00 ден 18- 00ге дейін. 13-00 ден 14-00де түскі үзіліс.
Сенбі , жексенбі —   демалыс