Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Куратор-эдвайзер туралы ереже

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

1.2 Куратор-эдвайзердің қызметін оқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  әкімшілігі және оқытушы арасында бекітілген еңбек келісім шарты оқытушының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын атқаруын қарастырады (3 тармақ).

1.3 Куратор-эдвайзерлер университет проректорының өкімімен оқу жылының басында тағайындалады.

1.4 Куратор-эдвайзерлердың жұмысы университет оқытушыларының кәсіби қызметінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады және алдағы жылға жеке еңбек келісім шартын бекіту барысында және жыл сайынғы аттестация барысында ескеріледі.

1.5 Куратор-эдвайзерлердың тәрбиелік жұмысы олардың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарымен қатар Нұр-Мүбарак университеті куратор-эдвайзерлерінің рейтингінде көрініс табады.

1.6 Куратор-эдвайзер міндетін атқарудан босату университет проректорының өкімімен жүзеге асырылады.

1.7 Куратор-эдвайзерлер кафедраның (мамандықтар) офис-регистраторға бағынады, ол куратор-эдвайзерлердың қызметін реттейді және шығарылған өкімдерді назарларына жеткізеді. Кафедра меңгерушісі кафедраның офис-регистратормен бірлесе отырып, академиялық топтарға куратор-эдвайзерлерді тағайындау туралы ұсыныстар береді.

1.8 Дін және тәрбие бөлімі кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып, куратор-эдвайзерлердің жұмысын қадағайлайды және ағымдағы мәселелерді шешу барысында көмек көрсетеді.

1.9 Университеттің қоғамдық ұйымдары Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі арқылы академиялық топтардың куратор-эдвайзерлерімен тығыз байланыста болып, қалада, университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беріп отырады.

1.10 Университеттің Дін және тәрбие бөлімі куратор-эдвайзерлердің жұмысын үйлестіреді және тәрбие жұмысын ұйымдастырады әрі әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді.

 

  1. КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

2.1 Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

2.2 Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

 

  1. 3. КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ

(ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ)

3.1 Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:

3.1.1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.

3.1.2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын қалыптастырады.

3.1.3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, оқу бөлімі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.

3.1.4. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады. Университетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.

3.1.5. университет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.

3.1.6. Қажет болған жағдайда студент жастардың еуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуін ұйымдастырады.

3.1.7. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.

3.1.8. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.

3.1.9. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.

3.1.10. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.

3.1.11. Студенттердің университеттің және кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.

3.1.12. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.

3.1.13. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.

3.1.14. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.

3.1.15. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.

3.1.16. Куратор – эдвайзер келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:

— куратор-эдвайзер күнделігі;

— тәрбие жұмысының жоспары;

— есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық.

3.1.17. Ректормен кездесуге, университеттің жалпы жиналысына, Куратор-эдвайзерлер кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.

3.2. Куратор-эдвайзер академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып, келесідей қызметтерді орындайды:

3.2.1. Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың тәртібімен, типтік және оқу жұмыс жоспарымен, элективті пәндер каталогымен, міндетті және таңдау пәндері тізімін құрастырудың талаптарымен, курстың пререквизиттарымен және постреквизиттарымен таныстырады.

3.2.2. Оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыру және оның қызмет етуінің негізін түсіндіреді.

3.2.3. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, студентке жеке оқу жоспарын құрастыруға және түзетуге ықпал етеді және көмек көрсетеді.

3.2.4. Студенттің білім алуы барысының барлық кезеңінде ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын өткізеді.

3.2.5. Студенттерге жеке оқу траекториясын қалыптастыру және білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында көмек көрсетеді.

3.2.6. Студенттердің болашақ мансабы туралы мәселелерін шешуге, ғылыми зерттеу бағытын анықтауға, ғылыми жетекші таңдауға, бітіру жұмысының тақырыбын анықтауға, кәсіби практикадан өту мекемесін таңдауға көмек көрсетеді.

3.2.7. Студенттердің үлгерімін қадағалайды, офис-регистратормен тығыз байланыста жұмыс істейді.

3.2.8. Студенттерді қолданыстағы нормативтік құқықтық бөлу және болашақ мамандарды жұмысқа орналастырудың (жеке өзі және арнайы мамандардың көмегімен) ережелерімен таныстырады.

3.3 1 курстың куратор-эдвайзерінің арнайы қызметі

Бірінші курстың куратор-эдвайзері міндетті:

3.3.1. Студенттерді сабақтың басталған соң бір айдың ішінде университеттің Жарғысымен және құрылымымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыруы және аталған міндеттерді студенттердің орындауын құжатпен рәсімдеуі тиіс.

3.3.2. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшелігін көрсетуге, студенттерді —  Нұр-Мүбарак университеті-дағы оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерімен, рейтингпен және емтиханның қорытынды балдарымен таныстыруы тиіс (әсіресе студенттерді компьютерлік тестілеу барысында).

3.3.3. Екінші курста өткізілетін аралық мемлекеттік бақылау туралы және оның мазмұнымен, өткізілуімен таныстыруы тиіс.

3.3.4. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы), еңбек және демалыс тәртібі, интеллектуальдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.

3.3.5. Студенттерді университеттің жастар қоғамдық ұйымдарының қызметімен және олардың қоғамдық белсенділігін қалыптастырудағы ролімен, студенттердің еуметтік қорғалуымен (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.

3.3.6. Университеттің және кафедраның тарихымен, міндетімен және болашағымен, кафедраның жетекші оқытушыларымен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.

3.3.7. Студенттерге жоғары оқу орнына, университеттің өміріне бейімделуіне, қоғамдық қызметтерге атсалысуға көмек көрсетуі тиіс.

 

  1. 4. КУРАТОР – ЭДВАЙЗЕРДІҢ ҚҰҚЫ

Куратор — эдвайзер:

4.1. Университеттегі тәрбие жұмысының жоспарын, студенттердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу тобындағы тәрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;

4.2. Университеттің барлық әкімшілік және қоғамдық ұйымдарына студенттердің тұрмыстық-мәдени жағдайын, тәрбие, ғылыми-зерттеу және оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;

4.3. Алдын ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дәрістерге, семинарларға, практикалық және басқа да сабақтарға қатысуға;

4.4. Барлық пәндер бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу тәртібінің қадағалануын тексеруге;

4.5. Топ студенттерінің ата-аналарымен және туыстарымен байланыс жасау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;

4.6. Топтағы және жекелеген студенттерге қатысты барлық мәселелерді талқылауға қатысуға;

4.7. Әрбір студент туралы интранет жүйеге енгізілетін ақпараттың дұрыс толтырылуын қадағалауға;

4.8. Кафедралардан элективті пәндер саны және олардың сипаттамасы туралы толық ақпаратттың өз уақытында берілуін талап етуге;

4.9. Студенттерді мадақтауға, жатақханаға орналастыруға және шығаруға ұсыныс жасауға;

4.10. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге, топ студенттерін аталған органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқы бар.

 

  1. КУРАТОР – ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Куратор-эдвайзер университет проректоры бекіткен, дін және тәрбие бөлімімен келісілген, оқу тобындағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.