«Қыз Жібек» клубы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі білім алушы қыз-келіншектерге арналған  «Қыз Жібек»  клубы 2014 жылдың қыркүйек айында құрылды.  Алғашқы жетекшісі Жаратылыстану кафедрасының меңгерущісі педагогика ғылымдарының докторы  профессор Шолпан Борантайқызы болды.

Қыз Жібектің мақсаты – студент аруларымызға  ата дініміз бен ұлттық  салт-дәстүрлер құндылықтары аясында, инабатты да  ибалы,  білімді де білікті, отбасында, қоғамда өзіндік  орнын алуға бағытталған тәрбие беру.

Қыз Жібек клубы 4 бағытта   жұмыс жасайды.

  • Тәрбие
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт

 

2016 жылдан бастап Қыз Жібек клубының жетекшілігі университеттің Дін және Тәрбие бөлімінің маманы, магистрант Қаңлыбаева Гүлданаға тапсырылды.

Клуб жетекшісінің орынбасары  студент Наухан Айжан тағайындалды.

Тәрбие секторы: Шаттық, Жадыра, Айжан

Білім секторы: Ақмарал, Разия, Ұлдаулет, Меруерт

Мәдениет секторы: Қарлығаш, Фариза, Толғанай

Спорт секторы: Токова Назгүл, Боран Аружан

„Қыз Жібек„ „Кәусар„ интернатында!

 
kausar20172 2
 
 
Жетім мен жесір, қараусыз қария бүгінгі қоғамның ең нәзік те қамқорлыққа мұқтаж саласы. Сондықтан „Нұр-Мүбарак„ университетінің студенттері арасындағы „Қыз Жібек„ қыз-келіншектер клубының бастамасымен №1 „Кәусар„ балалар интернатындағы сәбилерге қайырымдылық жасалды. Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан „Кəусар» интернатында ата-ана қамқорлығынан шет қалған балалар тәрбиеленеді. Барлық жағдай жасалса да қашанда ата-анасыз балалық шақтың сәні бар ма? Сондықтан қайырымды жандар тобы қолдан түрлі тәтті-пұтты пісіріп, балаларға дастархан жайып, арнайы ойындар ойнатып, түрлі сый-сыяпаттар жасады.
Университетіміздің „Дін және тәрбие„ бөлімінің жас маманы, студент қыздарға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие жағынан жетекшілік жасайтын Гүлдана Қаңлыбаева:
— „Кәусар„ корпоративтік қорының қамқорлығындағы бұл шаңырақ жас ұрпаққа тəлім- тəрбие мен ел болашығы үшін қызмет етер пайдалы білім беруде. Сондай-ақ, ата дініміздің аясында имандылықпен, ислам құндылықтарымен сусындап өсуіне ерекше мəн беретін тəрбиешілер мен ұжым қызметкерлерінің қарқынды жұмыстарын көріп қуанып қалдық. Соның дәлелі балалардың өнер көрсетуімен қатар қасиетті Құранның соңғы парасын жəне Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін арабша-қазақша жатқа айтудан жарысып, бізді тәнті етті,-деп балалардың білімге құштарлығына ризашылықтарын жасырмады.
Ер балаларға арналған „Кәусар„ интернаты директорының Оқу ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Бақтымбетова ханым: Бұл қыз балаларға жəне ұл балаларға арналған қайырымдылық шаңырақтарына 2006 жылдан бастап «Кəусар корпаративтік қоры» атауы берілген. Сол кезден бастап еліміздің əр облысынан ата-анасы жоқ немесе жалғызбасты аналар мен әкелердің өте ауыр халдегі отбасы жағдайларының балалары тәрбиеленеді. Қапшағай қаласындағы интернат ер балаларға арналған„,-деп қысқаша таныстырып өтті.
Әр аймақтан, әр отбасынан, әртүрлі жағдайда келген балалар бір шаңырақтың астында бір-біріне өте бауырмал екені бірден аңғарылады. Тәрбиеленіп жатқан 59 баланың əрқайсысы өз қызығушылығына сәйкес таңдаған пəнін ерекше ықыласпен оқып, терең зерттеуге жағдай жасалған. Сондықтан тәрбиешілер де балалардың жан-жақты болуы олар білім алатын мектептегі өзге балалардан ерекшелендіріп тұратынын айтып, „Бұл Алланың бізге берген нығметі„ деп бағалауда. Тіпті биылғы мектеп бітіруші болашақ екі түлектің бірі «Алтын белгіге» үміткер екен. Бұл жағдай бүкіл кәусарлықтардың білімге деген ынтасын арттырып, бауырмалдылықтарын күшейтіп, тәрбиеші ұжым мен балалар арасын жақындата түскендей.
Әрине, мұндай мекемелердің қазақ елінде болуы өкінішті жағдай болса да иыққа түскен жауапты жүкті арқалап келе жатқан „Кәусар„ интернатының əлі де алар асуы мен жетістіктері, бағындырар белестері алда деп „Нұр-Мүбарак„ студенттері сенім білдіруде. Сондықтан қоғамымыздағы келеңсіздіктердің бірден бір емі — игі шараларды көбейтіп, ата дініміз үндегендей жақсылықта жарысу болмақ.
 
 
kausar20172 1
 
 
 
kausar20172 3
 
kausar20172 4
 
 
kausar20172 8
 
kausar20172 7