Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Магистратура

Магистратура —  білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары екі бағытта жүзеге асады:

«МАГИСТР» біліктілігі, жоғары білім беру саласында кәсіби біліктіліктің ең жоғары деңгейі, кәсіби білімнің басқа деңгейлерінен алынған біліктіліктен гөрі жұмысқа орналасу және мансапты жоғарылату үшін әлдеқайда көбірек мүмкіндіктер жасайды.

Магистратураның бағдарламалары мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз ете отырып, түлектердің кейін ғылыммен, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметтермен табысты айналысуына мүмкіндік береді.
Магистратурада оқу белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді, жетекші мамандардың жетекшілігімен ғылым мен өндірістің басымды салаларында ғылыми жобаларға қатысуды жобалайды.
Магистратураға оқуға түсу Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ент пән бойынша тиісті балл алмаса (60%-дан 100%-ға дейін) , онда оған бұл пәнді қайта алуына тура келеді. Бұл — Retake (ритэйк) деп аталады.


 МАГИСТРАТУРА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ПАСПОРТЫ