Аккредитация

Аккредитацияның басталуына

Аккредитация бойынша Әли Әлмұхаметов Нұр-Мүбарак ЕИМУ оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерішісі, филос.ғ.к. пікірі:

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өту тәжірибесі бар.

2015 жылы университетіміз Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚА — www.iqaa.kz)  5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуден өтті (http://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/akkreditatsiyadan-tken-zhoo-tizimi?start=2 ).

2015 жылы  Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде Исламтану мамандығы үш деңгей (бакалавриат, магистратура және докторантура) бойынша аккредиттелді (http://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/mamandandyryl-an-ba-darlamaly-akkreditteu?start=2 ).

Биылғы жылы 14-15 мамыр күндері аралығында Дінтану мамандығы үш деңгей бойынша білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнен мамандандырылған акредиттеуден өткелі жатыр.

Халақаралық сарапшы ретінде Мысыр Араб Республикасының Білім беру сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу жөніндегі ұлттық орталығы директорлар кеңесінің төраға орынбасары  ғылым докторы, профессор  Ражиа Али Махмуд Таха ханым келеді.

Аккредитация өте маңызды, болашақ маман иелерін дайындауда қажетті шара. Яғни  аккредиттеу ұйымы жоғары оқу орнының жалпы және жеке оқу бағдарламаларын белгілі стандарттар және критериялар бойынша сай келуі мақсатында жоғары оқу орнының қызмет сапасын бағалайтын процесс. Ал мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымымен жүзеге асырылатын жекелеген білім бағдарламаларының сапасын бағалау болмақ. Сондықтан Нұр-Мүбарак университеті осы жауапты сынақтан өтуге барынша мүдделілік танытуда.