Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Мевлана академиялық алмасу бағдарламасы

Мевлана академиялық алмасу бағдарламасы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен Түрік серіктес университеттер арасында студенттері мен оқытушыпрофессорлар алмасуды көздейді және Түрік жоғары білім кеңесі тарапынан жартылай қаржыландыруда негізделген.

Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу талаптары

Білім алушыларға:

• Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;
• Ағылшын, түрік немесе араб тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етеді);
• GPA: BA 2.5-тен кем емес; MA, PhD — 3.00-ден кем емес;

Оқытушыларға:
• Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;
• Ағылшын, түрік немесе араб тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);
• Түйіндеме, жарияланымдар тізімі, дәріс/семинар жоспары;
• Оқытушы аптасына кемінде 6 сағат дәріс оқуы керек.

Мевлана бағдарламасының шарттары:

— Студент кафедра эдвайзері немесе АҰжСМБ координаторының көмегімен университетті таңдап, оқу протоколын (протокол) дайындайды.
— Жатақхананы іздеумен қатысушы өзі айналысады, бағдарлама да университет те жатақханаға кепілдік бермейді.
— Студенттер мен оқытушылар Түркияда үш айдан астам уақыт тұру үшін виза немесе тұруға рұқсат алу керек.
— Студенттер мен оқытушылар Түркияда жарамды халықаралық сақтандыру компаниясының сақтандыру полисіне ие болуы керек. Университет пен бағдарлама сақтандыруды қамтамасыз етпейді. Түркияда тұруға рұқсат алу үшін сақтандыру міндетті түрде қажет.

Мевлана бағдарламасы бойынша серіктес университеттер:

• Мармара университеті, Стамбул қаласы, Түркия;
• Эрджиес университеті, Кайсери қаласы, Түркия;
• Стамбул университеті, Стамбул қаласы, Түркия;
• Неджметдин Эрбакан университеті, Конья қаласы, Түркия;
• Сельчук университеті, Конья қаласы, Түркия.