• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • 15 мемлекет арасында „Нұр-Мүбарак„ студенттерінің ғылыми жұмыстары бірінші орын иеленді

15 мемлекет арасында „Нұр-Мүбарак„ студенттерінің ғылыми жұмыстары бірінші орын иеленді

13/04/2017

Халықаралық ғылыми конференцияда жобаларын „Нұр-Мүбарак„ тобының 3 студенті ағылшын тілінде, 1 студент қазақ тілінде қорғады!

KAZGU2017 9

Бұл жеңіс Нұр-Мүбарак университеті студенттерінің білімі мен біліктілігінің халықаралық деңгейге жеткенін дәлелдегендей. Себебі, еліміздегі жоғары білім мен ғылымның қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сәуірдің 10-13 аралығында ұйымдастырған IV Халықаралық Фараби оқулары «Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті» атты XXXII халықаралық ғылыми конференциясына 15 мемлекеттен 99 студент пен жас ғалымдар қатысқан. Елімізден қатысқан онға жуық жоғары оқу орнының дарынды жастары арасында „Нұр-Мүбарак„университетінің бірінші курсынан 4 студентіміз білімдерімен сынға салды. Олардың ғылыми жұмыстарына университет оқытушысы, филол.ғ.к., профессор м.а. Гүлдархан Рысбаева ханым жетекшілік жасап, 3 студент ағылшын тілінде, ал Жарқын Ескермесов қазақ тілінде „ЭКСПО-2017: Болашақтың энергиясы„ тақырыбында жоба ұсынған болатын.

Нәтижесінде, Жарқын Ескермесов Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы М.Ахметов пен ҚазҰУ-нің ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Жаппасов мырзалардың қолымен I дәрежелі дипломмен марапатталды. Дәл осындай II дәрежелі диплом ағылшын тілінде „Үш тұғырлы тіл„ ғылыми жобасын ұсынған университетіміздің „Екі шет тілі: Араб-ағылшын„ мамандығының 1 курс студенті Талғат Ділмұратқа берілді.

Ал, исламтанушы студент Шыңғыс Садуевтің ағылшын тіліндегі „2017 Қысқы Универсиада„ тақырыбындағы ғылыми еңбегі „Астана ЭКСПО-2017„ Дүниежүзілік көрмесіне арналған студенттер мен жас ғалымдардың „Фараби әлемі„ халықаралық ғылыми конференциясының 1 дәрежелі дипломымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ғылыми инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Т.Рамазанов мырзаның қолымен табыс етілді. Сондай-ақ, исламтанушы студентіміз Анеля Илиясова дәл осындай III дәрежелі дипломмен ағылшын тілінде жасалған „Қазақтың салт-дәстүрлері„ атты ғылыми жобасы үшін марапатталды. Жеңімпаздарымыздың баяндамалары конференция жинағына енді.

Жалпы есеппен ғылыми жұмыстар байқауында 15 мемлекеттен қатысқан ЖОО арасында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 1-орынға ие болып, студенттер еңбегіне үздік дәрежеде ғылыми жетекшілік жасаған ф.ғ.к., профессор Гүлдархан Рысбаева ханым «Құрмет грамотасымен» мараппаталды.Гүлдархан Қалиқызы қызмет ететін „Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер„ кафедрасының меңгерушісі, профессор Шолпан Бәйнеш ханым жеңімпаздарға ерекше алғыс білдірді.

KAZGU2017 2

Халықаралық дәрежеде мерейімізді үстем еткен жеңісті „Нұр-Мүбарак„ университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырза қуанышпен жеткізіп, намысты қорғаған шығармашылық топқа арнайы алғыс жариялады.

Жеңіс тұғырлы болсын, құрметті жеңімпаздар!

KAZGU2017 1

KAZGU2017 4

KAZGU2017 5

KAZGU2017 6

KAZGU2017 7

KAZGU2017 8

KAZGU2017 3