Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

28 маусым – Баспасөз және байланыс қызметкерлерінің күні!

28/06/2020

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес,  маусым айының соңғы жексенбісі –  Баспасөз, телевидение және радио күні болып белгіленіп, бұл күнді елімізде журналистердің төл мерекесі ретінде атап өту дәстүрге енді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңы қабылданған күнге орай, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын заң қабылдау керектігін айтып, 28 маусымға ауыстырылды.

Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерін – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен  Нұр-Мүбарак  Египет ислам мәдениеті университетінің ұжымы құттықтайды.

Ақпараттық кеңістікті, қоғамдық пікірді қалыптастырып, адами құндылықтарды бұқараға жеткізетін  ұшқыр қалам иелеріне шығармашылық шалқар шабыт, отбасыларына баянды бақыт, зор денсаулық, кәсіптеріне береке тілейді!

Ұқсас жазбалар