Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Африкалықтар Нұр-Мүбарак университетін таңдауда

27/09/2019

 

Африканың Сомали, Бенин, Эфиопия елдерінен Нұр-Мүбарак университетінде оқуға ниетті талапкерлердің алғашқы легі келе бастады. Алматыға келген алғашқы топты университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қабылдады.

Талапкерлер де өз кезегінде Қазақстан жайлы, әсіресе Нұр-Мүбарак университеті жайлы естіп, осы оқу ордасында оқуға құлшыныстары артқанын жеткізді. Келген топтың арасында Алматыдағы өзге жоғары оқу орындарында білім алушылар да бар. Олар Нұр-Мүбарак университетін көзбен көріп, танысқан соң болашақта осы  оқу ордасында оқуға деген ниеттері пайда болғанын да жеткізді.

Университет жайлы жан-жақты таныстырып өткен проректор Қ.Құрманбаев африкалықтардың қазақ еліне келіп оқуға деген ойларына ризашылықтарын білдірді. Қазір барлығы 17 африкалық Нұр-Мүбарак университетінде оқуға  ниет білдіруде. Олар дайындық курстарына бөлініп, бір жыл бойы тегін білім алады. Ал болашақта университетте ақылы түрде білімдерін жалғастырмақ.

 

 

Ұқсас жазбалар