Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Ағылшын курсы түлектеріне сертификат берілді

23/06/2017

Қазір жаһадану кезеңінде білікті маман болу үшін қосымша бірнеше тілді меңгеру, технологиялық мүмкіндіктерді меңгеру қажеттілігі артып келеді. Әсіресе білім саласында халықаралық байланыстар, ғылыми-конференциялар көбейіп, өзара әріптестік қарым-қатынастар орныға түсуде. Сондықтан „Нұр-Мүбарак„ университетінің басшылығы ағылшын тілін меңгерушілерге арнап жазғы маусымда арнайы тегін курс ұйымдастырды.

19 мамырда басталған жалпы көлемі 72 академиялық сағаттан тұратын «Практикалық ағылшын тілі: бастапқы деңгей» атты біліктілікті арттыру курсы бүгін түлектеріне сертификат табыс етілді.

Шәкірттердің тіл білімі деңгейіне сәйкес бірнеше топқа бөлінген курста университет проректоры, профессор Шамшәдин Керім, шаруашылық іс басқарушысы Сұлтанхан Олжабаев, кітапхана меңгерушісі Қалбибі Бейісбек т.б. ұстаздар мен қызметкерлер бар. Түлектер ұстаздары Ләйла Тұрымбетова, Хафиза Оразбаева ханымдарға әрі осындай тегін мүмкіндік жасаған университет басшылығына алғыстарын жаудырды.

Бастаманың игілікті екенін айтқан шәкірттер ұсыныстарына сәйкес алдағы жаңа оқу жылында ағылшын курстары жұмыстарын жалғастыру жағы қарастырылмақ.

Ұқсас жазбалар