АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫН АЯҚТАУ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫН АЯҚТАУ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

Нұр-Мүбарак университеті тарапынан 2020-2021 оқу жылында ұстаздарға арналаған ағылшын тілін жетілдіру курстары ұйымдастырылған болатын. Қараша айында абсталған тіл курсы аптасына 3 рет өткізілді. Дәрісті 10 жылдық өтілі бар ағылшын тілінің маманы, аударма ісінің магистрі, PhD доктор Жұлдыз Жұмашева жүргізді. Оқытушының әрі халықаралық  IELTS және TOEFL сертификатталған тест орталығының супервайзері.

Университеттегі  қызметкерлер ұжымынан құралған топ 6 ай бойы үздіксіз түрде ағылшын тілінен білімдерін толықтырып, бүгін бастаушы деңгейді тәмәмдап шықты. Курсы басында ынталанып, қатысушылар көп болғанымен, мәре сызығынан сүрінбей өтіп, бастауыш деңгейді толықтай өтіп шыққан Жалпыуниверситеттік гуманитралық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дариға Қапассова, Жалпыуниверситеттік гуманитралық пәндер кафедрасының оқытушылары Ақерке Иргебаева, Сұлу Исабаева және университеттен тыс оқыған Гүлжан Сейтбекова болды. Бүгін тіл үйренушілерге арнайы сертификат табыс етілді. Курс жетекшісі Жұлдыз Жұмашева ханымның айтуынша жаңа оқу жылында ағылшын тілі  Pre-Intermediate деңгейінде жалғасын табады.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

65