Әйелдің тұлғалық бейнесі жайлы білеміз бе?

10/03/2017

Бұл тәрбиелік мәні зор рухани сабақтан көпшілік көкейіне ой түйді.

8 03 2017 1

Әйел затының болмысы, міндеті, тұлғалық бейнесі жайлы не білеміз? Міне бұл сауал „Нұр-Мүбарак„ университетінің „Исламтану„ кафедрасында білім алушы арулардың арнайы тақырыбына айналды. Қасиетті Құран аяттарын оқу мен Пайғамбарымызға (с.а.у) салауат айтудан басталған тәрбие сағаты негізгі үш сұрақ төңірегінде өрбіді: Кеше қандай едік? Бүгін кімбіз? Ертеңнен күтеріміз көп!

Ең әуелі „Исламтану„ кафедрасының меңгерушісі, елімізде әйелдер арасынан дін саласында алғаш шыққан ғалымдардың бірегейі Шамшәт Әділбаева ханым жалпы жиылған қауымға ғибратқа толы сөз сөйлеп, қыздардың бастамаларына сәттілік тіледі.

Куратор-эдвайзер Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Абишева Нұрзия ханымның жетекшілігіндегі 3 курс қыздары ұйымдастырса да бұл шараға Алматы бойынша құлағдар болған біршама орамалдылар келген. Ақ жаулықты аналарымыз, жүзінен мейірім төгілген әжелеріміз, арулар ашық тәрбие сағатын салтанатты жиынға айналдырғандай.

Болашақ исламтанушы бойжеткендердің шетінен өнерлі екені әп дегеннен байқалады. Айдана Бердиева мен Айдана Разақ „Мен қазақтың қызымын„ деп жырдан шашу шашса, Диана мың бұралып би билеп, одан өзге күмбірлеген күй әуеледі. Тарихтағы тағылымды аналарымыз жайлы және Тәрбие мәйегі — сүйіспеншілік пен мейірім„, „Үйлену оңай, үй болу қиын„ сынды тақырыптарда студенттер өздері зерттеген баяндамалар ұсынды. Ислам діні тарихы, шариғат шарттары, халқымыздың салт-дәстүрі төңірегінде сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Әсіресе, жетімдер, тастанды сәбилер жайлы қойылым мен бейнеролик көрермендердің көңілін босатып, көздеріне жас үйірді. Жасқа толған жанарлардан „Ешбір сәби жетім қалмаса екен„ деген шынайы тілек тұрғандай.

Ия, расында, әрбір ару — аяулы жар, бақытты ана, салиқалы әже болу үшін қоғамымыз имандылықпен сусындауы тиіс. Сонда тастанды жетім, әбігерге түскен жесір де қалмасы анық. Бүгінгі өткен тағылымды кештен көпшілік көкейіне осындай ой түйгендей.

8 03 2017 2

8 03 2017 3

8 03 2017 4

8 03 2017 5

8 03 2017 6

8 03 2017 7

8 03 2017 8

8 03 2017 9

8 03 2017 11

8 03 2017 12

8 03 2017 13