Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Академиялық мәселелер департаментінің қашықтан білім беру үдерісі талқыланды

14/04/2020

Онлайн режимде өткен жиналысқа департамент директоры, филос.ғ.к. Ж.С.Сандыбаев, оқу-әдістемелік басқарма басшысы М.Махмет, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Имашева, студенттік бөлім меңгерушісі С.Тлебалдина және департаменттің өзге қызметкерлері қатысты.

Жиналыс барысында шетелдік тағылымдамада немесе академиялық ұтқырлық аясында шетелде жүрген студенттер мен білім алушылар сол елдегі елшіліктерге тіркелу мәселесі көтерілді.

Онлайн форматта өткен жиналыста университет оқытушылары,  докторанттар мен магистранттар университеттегі қашықтан білім беруге қатысты еліміздегі БАҚ-на мақалалар беру, білім алушылардың сабаққа қатысуы туралы мәселелер талқыланып, жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Имашева мен студенттік бөлім меңгерушісі С.Тлебалдинаның есебі тыңдалды.

Сондай-ақ университеттегі Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД)  толтыру мәселесі мен қалыптасқан жағдайға байланысты көктемгі сессия жұмыстары туралы айтылып,  қашықтан оқытуға қатысты магистранттар мен докторанттар және екінші жоғары білім студенттерінен сауалнама жүргізілу мәселесі қарастырылды.

Одан өзге бітіруші түлектердің дипломдық, диссертациялық жұмыстарын қорғауды ұйымдастыру жұмыстары мен бітіруші түлектердің жұмысқа орналастыру процесі талқыланды.

 

Ұқсас жазбалар