Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Ақтөбедегі Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы алғашқы қабыладу емтиханын өткізді

26/08/2019

Ақтөбе қаласында ашылған Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы биыл алғашқы қабылдауын бастады. Емтиханды  Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент  Қайрат Құрманбаев пен   Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының  директоры, докторант Асқар Сабдин қабылдады.

20 шәкіртке арналған Дайындық курсына 19 талапкер құжат тапсырып, олардың 12-і сынақтан мүдірмей өтті. Олардың арасында  Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,  М.Оспанов атындағы БҚ  мемлекеттік медицина университеті, орта мектептің де үздік түлектері бар. Дайындық курсына оқуға Орал өңірінен де бірнеше талапкер ниет білдіріп отыр.

Ақтөбедегі   дайындық курсында Нұр-Мүбарак университетін үздік  бітірген 2 ұстаз және Мысырдан әл-Азһар университетінің ғалымы дәріс береді.  Дәріс  қыркүйек айында басталғанымен, құжат қабылдау қазан айына дейін жалғасады.

 

 

Ұқсас жазбалар