Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Әл-Азһар университетінде білім алып жатқан Нұр-Мүбарак университетінің түлектері ойларымен бөлісті

26/08/2019

 

Мысырдағы әл-Азһар университетіне жыл  сайын Нұр-Мүбарак университетін үздік оқыған түлектер жолдама алып жатады. Бүгінде әл-Азһардың үшінші курсына аяқ басқан Нұрсейіт Омаров өзі түлеп ұшқан Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреп, ұстаздарымен жүздесіп,  жүрекжарды пікірімен бөлісті.

— Мен Нұр-Мүбарак университетін 2015 жылы тәмамдаған болатынмын. Бірге бітірген 10 бала болып Нұр-Мүбарак университеті басшылығының батасын алып Мысыр еліне аттандық. Біздің байқағанымыз, көбі әл-Азһар университетінде оқығысы келеді, бірақ өздігінен барғандар 2-3 жылдай уақытын жоғалтып жатады. Ал біз екіжақты келісім нәтижесінде арнайы грантпен барып, бірден білгір шейх, профессор ғалымдардан дәріс ала бастадық. Тіпті бізден кейін келген Нұр-Мүбарак университетінің түлектері екінші курсқа бірден қабылданатын жағдай жасалып жатыр. Ал бейресми жолмен, өздігінен барғандар құжаттар тапсырып, араб тілін меңгерем дегенше уақыттан көп ұтылып жатқанын көріп, елімізде Нұр-Мүбарак университетінің болғанына кеудемізді  ерекше мақтаныш кернегені рас,-деп Нұрсейіт ағынан жарылды.

Нұрсейіт Омаровпен қатар барған  түлектердің 3-і денсаулығына, отбасылық жағдайларына байланысты елге оралуға мәжбүр болған. Олар болашақта білімдерін жалғастыруға да үміттері басым. Нұр-Мүбарак университетінің үздік түлектері әл-Азһарда білім алуды армандайтын талапкерлерге ең әуелі өз еліміздегі жалғыз ислами жоғары білім ордасында тәлім алудың артықшылығы мол екенін  жеткізгісі келеді.

Ұқсас жазбалар