Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Алматы Дін істері жөніндегі басқармасы  Нұр-мүбарак университетінің бір топ мамандарын марапаттады

13/12/2018

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары елімізде жан-жақты жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы мақсатта әр аймақта ақпараттық-насихат топтарының өкілдері қоғамдық орындар мен мекемелерге барып діни топтар мен жат ағымдар жайлы сұхбат, дәріс, акциялық шаралар ұйымдастырады.  Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы 2018 жылғы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай келе, бірқатар мамандарға алғыс жариялады. Нұр-Мүбарак университетінің мамандары, оқытушы-ғалымдары Қайрат Затов, Оралхан Сейдманов, Жайдар Рахымғазиев, Альбина Дүйсенбаева, Айша Кеңесбай  жыл бойы Алматы қаласында жүргізілген жұмыстарға сай Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков Алғыс хат табыс етті.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы»  Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бір жылда 600-ден аса іс-шара өткізген. Жалпы 70 мыңға жуық тұрғын қамтылған. Басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлының айтуынша, биыл жат ағымдардың қарқыны бәсеңдеп, діни тұрақтылық айқын аңғарыла бастаған. Осы жолда қызмет еткен мамандарға Дөңгелек үстел басында жылдық қорытынды жасалып,   алғыс жариялап ең белсенділік көрсеткен лекторларға сый-сыяпат берілді. Алдағы жылы бұдан да жоғары нәтижелер болатындығына сенім білдірілді.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар