News

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА  ҚҰРАН САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

28/04/2021

 

 

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттеріне арналған қасиетті Құран қариларының іріктеу туры басталды. Қазіргі пандемиялық жағдайларға байланысты онлайн форматта өтіп жатқан  бәйгеге 73 үміткер қатысуда. Барлығы 4 түрлі номинация бойынша қатысып жатқан үміткерлердің басым бөлігі 30-пара бойынша бақ сынауда. 3, 10 параларына 30-дай студент, ал Құранды толық жаттаған 4 хафиз  қасиетті айда қасиетті Кәламды жаттаудағы біліктіліктіліктерін саралауда.

Ұйымдастыру шараларының бас-қасында жүрген Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Нұрлан Анарбаев жарыс шарттары бойынша жаттау деңгейі, тажуид ережелері мен әріп махраждарын дұрыс сақтауына жіті мән берілетінін атап өтті.

Қазылар алқасы әрбір үміткерге зер салып, нағыз жүйріктерді анықтауға бел сыбанып отыр. Іріктеуден өткен  қарилар мамыр айының 10 жұлдызында Нұр-Мүбарак университетінде офлайн өтетін ақтық сайысқа жолдама алмақ.

 

 

 

Related news