Бұл салада Алматы облысы қарқынды жұмыс істеп, аймақтағы діни тұрақтылықты барынша қамтамасыз етіп келеді.
Алматы облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы»КММ- теолг мамандарына арналған бұл дәрістер арнайы меморандум аясында жүзеге асуда. Кіріспе дәрісті университет проректоры, белгілі ғалым Қайрат Құрманбаевтың өзі өткізіп, қазіргі қоғамда кездесетін діни түйткілдердің тетігін кеңінен тарқатты. Халықпен жұмыс істеудегі негізгі ұстанымдарға тоқталып, бағыт-бағдар берді.
