Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Алматыдағы Мысыр мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталық директоры Нұр-Мүбарак университетіне алғыс жариялады

01/03/2019

  • Нұр-Мүбарак университеті басшылығына, оқытушыларына Мысыр елінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілігінің, Мысыр мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталық атынан орасан алғысымды білдіремін, — деп бастады сөзін орталық директоры доктор Ранда Махмуд Ризк ханым. Себебі бір ай бойы Алматыдағы бірнеше жоғары оқу орындарында араб тілі бойынша білім алушы студенттер Мысыр мәдениет орталығында арнайы өндірістік тәжірибеден өткен. Осы шара барысында Нұр-Мүбарак университетінің араб тілі және филологиясы бойынша дәріс беретін араб ғалымдары болашақ тіл мамандарына Құран тілінен тереңірек дәріс беріп қана қоймай, тәжірибелерімен бөліскен. Студенттер де тәжірибелерінің ерекше дәрежеде өткенін айтуда.

Студенттердің тәжірибе айлығын растайтын сертификат табыстау шарасы Нұр-Мүбарак университетінде де өтуі бекер емес. Себебі бұл жоғары білім ордасын тек ислам, дін мамандарын даярлап қана қоймай, араб тілін меңгеру жағынан елімізде ең алдыңғы орынды еншілейді. Осы мәселені де ескерген доктор Ранда Махмуд Ризк ханым айтулы шараның Нұр-Мүбарак университетінде өтуін қалаған. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев мырзалар мен өзге де араб тілінен дәріс берген ғалым-ұстаздарға арнайы алғыс пен естелік сыйкәде жасады.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар