Алтын белгі иелері – Нұр-Мүбарак университетін таңдайды

01/07/2019

Биылғы ҰБТ тапсырған мектеп түлектері 20 маусымнан бастап таңдаған оқу орындарына құжаттарын тапсыра бастады....

Биылғы ҰБТ тапсырған мектеп түлектері 20 маусымнан бастап таңдаған оқу орындарына құжаттарын тапсыра бастады. Нұр-Мүбарак университетінің қабылдау комиссиясына қазірдің өзінде 3 Алтын белгі  мен бірнеше қызыл аттестат иегерлері құжат тапсырды.

Алтын белгі иегері Ілияс Қадыр: «Мен Нұр-Мүбарак университетін таңдаған себебім, бұл еліміздегі бірегей ислами университет қана емес, бұл жерде дәл қазір қоғам үшін аса қажетті мамандықтар оқытылады. Әрине, барлық мамандықтың өз орны бар. Бірақ кезінде Қаныш Сәтбаев қазба байлығы мол қазақ еліне аса маңызды геология мамандығын таңдаса, мен де қазіргі жаһандану үдерісіне қазақ қоғамының жұтылып кетпеуіне барынша тосқауыл жасаушы руханиятқа  үлес қосып, еліме қызмет етсем деймін. Шетелге бармай-ақ өз елімізде, Нұр-Мүбарак университетінде әл-Азһар университетінің профессорларынан дәріс алу мүмкіндігі болғандықтан, қабілетімді толық пайдалануға жағдай жасалған осындай білім шаңырағын таңдадым», — деді өз ойымен бөлісіп.

 

Расымен, исламтану, теология, дінтану мамандарын даярлауда еліміздегі облыс әкімдіктері Нұр-Мүбарак университетінде білім алушылар үшін арнайы грант та бөледі. Қазірдің өзінде жаңа қабылдау науқанына орай Ақтөбе өңірі «исламтану» және «теология» мамандықтары бойынша Ақтөбе облысы әкімінің 9: теология – 5, исламтану – 4 грант бөлініп отыр. Оқу жылы бірнеше  өңір  әкімдіктері  мемлекеттік грантқа ілінбей қалған жастарды қолдау мақсатында арнайы келіп, келісімшарт та жасайды.

Ал қазір қызу жүріп жатқан құжат қабылдау 7 шілде күні аяқталып, 8 шілдеде шығармашылық емтихандар басталады. Сондықтан алдағы аптада еліміздің түкпір-түкпірінен әлі де нағыз білімді жасампаз жастар құжат тапсыруға келтініне сенім мол.