Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Аурудың емі – оның алдын алу

06/10/2016

 

Нұр-Мүбарак университетінің студент қыздары білікті дәрігер Қарлығаш Құсайынқызы Бөкеевамен  кездесу өткізді. Ондағы мақсат  қыз-келіншектер арасында кездесетін ауру-сырқаулардың алдын алу. Себебі, болашақ саналы да дені сау ұрпақ тәрбиелейтін аналар сауатты әрі салауатты болуы аса маңызды. Сондықтан Алматы қаласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан №16 емхана дәрігері  Қарлығаш Бөкеева өз тәжірибесімен бөлісіп, «болашақ дені сау ұрпақ әкелу үшін не істеу керек?» деген сауалға жан-жақты жауап берді.

Студент қыз-келіншектер де өз тарапынан толғандырған сауалдар қойып, білікті дәрігерден тұщымды жауап алып жатты. Тіпті қалай тамақтану, қалыпты салмақ қандай болу керек деген мәселелер де студенттерді қызықтырған сауалдардан болды.

Осылайша бойына имандылық пен ұлттық салт-санамызды сіңірген Нұр-Мүбарак университетінде білім алушы қыз-келіншектер денсаулықтың да мән-жайымен кеңірек таныса түсті. Бұл кездесуді университетіміздің кітапхана меңгерушісі Қалбибі Бейісбек ханым мен «Қыз Жібек» қыз-келіншектерге арналған клуб мүшелері ұйымдастырды.

 

 

ginekolog1

 

ginekolog2

 

ginekolog3

 

ginekolog4

 

ginekolog5

 

ginekolog6

 

ginekolog8