Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бакалавриат білім беру бағдарламасына қашықтан құжат тапсырудың видео нұсқаулығы

06/04/2020

Құрметті талапкерлер!

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті талапкерлердің  құжаттарын қашықтан  қабылдайды.

Құжат тапсыру сілтемесі: http://edu.nmu.kz/

Бакалавриатқа қашықтан құжат тапсыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізімі:

  • Аттестат (диплом) қосымшасымен (скан-көшірмесі);
  • Жеке куәлік (скан-көшірмесі);
  • 3х4 үлгісіндегі сурет (электрондық нұсқасы);
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама скан-көшірмесі (флюорографиялық сурет және анықтамада талапкердің суреті және суреттің үстінде медициналық тексеруден өткен мекеменің мөрі болуы міндетті);
  • Әcкери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік(скан-көшірмесі);
  • Жетістіктері болса, диплом немесе сертификат (скан-көшірмесі);
  • Жеңілдіктері болса, растайтын құжатының скан-көшірмесі;
  • Міндетті мәліметтер – ол қамқоршыларының (ата-ана) аты-жөндері, телефон нөмірлері, пошталары (міндетті емес), мекен-жайлары және талапкердің телефон нөмірі, поштасы болуы тиіс.

Толығырақ бакалавриат білім беру бағдарламасына қашықтан құжат тапсырудың видео нұсқаулығынан көре аласыз.

Ұқсас жазбалар