Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Уажитұлы Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді

01/11/2019

Болашақ исламтанушы  ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүкіл тыныс-тіршілігін біліп отыруларыңыз маңызды,- деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов  Нұр-Мүбарак университетінің болашақ түлектерімен кездесу барысында.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Балтабай Уажитұлын әуелі университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди қабылдады. ҚМДБ мен Нұр-Мүбарак арасындағы ел игілігі, дін мәртебесі үшін қызмет етудегі бірлік пен ортақ мүдде, дін мамандарының білімді де білікті болуына қатысты қағидалар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ Бас мүфти кеңесшісі Оқу-әдістемелік басқарма және бөлім басшыларымен кездесіп, оқу үдерісі, білім бағдарламасы жайын тынғылықты сұрап, ұсыныс-талаптарына ден қойды. Кітапхана, компьютер кабинеттерін аралап, студенттердің дәрістерден тыс мағлұмат, ақпарат алуымен, өзіндік ізденулерге қатысты мүмкіншіліктерімен танысты. Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керіммен кездесіп, орталық жұмысын пысықтап, қазіргі шұғылданып жатқан жобалардан хабар алды.

 

Ал биыл оқуын тәмамдайтын 200-ден аса студентпен кездесу барысында Балтабай Уажитұлы олардың жалпы дүниетанымы, ҚМДБ құрылымы мен қызметіне қатысты өзгерістер мен жаңалықтар жайлы пікірлерін, білімін саралады. Болашақ түлектер үшін ескеруі тиіс негізгі мәселелер мен білімнің маңыздылығына, тіпті қасиетті Құран тәжуидіне қатысты имамдар арасындағы кездесетін олқылықтарға да тоқталды. Яғни бүгінгі имам кез келген азаматтың көкейіндегі сауалына жауап бере алатын, мәңгілік мұғжиза Құранмен қаруланған білімді маман болуы шарт екенін қатаң ескертті. Студенттер де ҚМДБ тарапынан Бас мүфти кеңесшісінің өзі келіп жүздесіп, пікір алмасудың жауапкершілігін сезініп, сауалдарына да жауап алып жатты. Болашақта жұмысқа орналасу, халыққа қызмет етудің де қыр-сырынан хабар алып, Балтабай Мекежановқа алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Сондай-ақ Балтабай Уәжитұлы Нұр-Мүбарак университетінің Талғар қаласындағы ұлдар мен қыздарға арналған Дайындық курсының тыныс-тіршілігімен танысып, шәкірттермен тілдесіп, емен-жарқын сөйлесті. Дайындық курстардағы жағдайдың жоғары деңгейде жасалғанына куә болып, университет басшылығына ризашылығын білдірді. Ең бастысы бұл жүздесу шәкірттерге қанат бітіргендей.

 

Ұқсас жазбалар