• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Бас мүфти «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы институтта білім алған имамдарға  сертификат тапсырды

Бас мүфти «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы институтта білім алған имамдарға  сертификат тапсырды

03/11/2016

  «Нұр-Мүбарак» университеті  жанынан ашылған  Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының алғашқы...

 

«Нұр-Мүбарак» университеті  жанынан ашылған  Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының алғашқы түлектері қоғамға жолдама алды. Осыған орай Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының резиденциясында төраға, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен орынбасарлары, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырзалар түлектермен арнайы кездесіп, жылы  лебіздерін білдірді. Институттың ашылуы мен екі ай бойғы жұмысына тоқтала келе  Шамшәдин Керім мырза алғысөзді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына берді.

dsc_0550

 

-Бізге жұмыс жасау керек. Халыққа елімізге қызмет етіңіздер. Діни басқарманың бағытын міндетті түрде ұстануғы тырысыңыздар. Бүгінде қандай мәселе болса да ҚМДБ-ның шешіміне сай жұмыс жасауларыңыз керек. Өз ойларыңыздан қосып, бір қазаннан екінші құлақты шығарып жатудың қажеті жоқ. Барлығымыз бір  орталыққа бағынып, жұмыс жасау қашанда маңызды. Олар  басқа бағытқа кетіп қалмас үшін, халыққа дұрыс жолды сілтеуіміз керек. Сіздерге сәттілік тілейміз,-деп Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы алғашқы түлектерге табыс тіледі.

Бас мүфтиден соң сөз алған наиб-мүфти Серікбай қажы Ораз:

 

dsc_0556

  • Шынында да Шамшәдин Тұрсынұлы бастап еліміздің бір топ ғалымдары бізге білім жағынан ат салысуда. Өткен маусым айында Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрі доктор Мұхтар Жұма мен ЕАР Бас Мүфтиі профессор Шауқи Ибраһим Аллам мырзалар келген кезде  осындай институтты ашу жайлы жан-жақты талқылаған едік. Міне бүгін соның алғашқы жемісін де көріп отырмыз. Негізі бұл имамдар есімдерін алтын әріппен жазатын жігіттер. Өйткені, қазіргі қоғамда ең өзекті мәселеге сай біліммен қаруланып, елмен етене жұмыс істеуге аттанбақшы. Сондықтан біз сіздерге табыс тілейміз,-деді.

Ал осы институттың директоры болып тағайындалған, исламтанушы, PhD докторы Қайрат Құрманбаев өз кезегінде:

 

dsc_0561

  • Осындай жауапты істі маған сеніп тапсырғандарыңызға алғыс білдіріп, сенімдеріңізді ақтауғы тырысамын. Өздеріңіздің бастамаларыңызбен жүзеге асқан бұл шара бүгінгі күні аса өзекті еді. Университет тарапынан оқу бағдарламасы жасалғанда жалпы дәрістердің 50 пайызы діни болса, қалғаны қазіргі заман талап еткен пәндер қамтылды. Лекторлар мысырлық  ғалымдармен бірге өзіміздің отандық білікті ұстаз-мамандар. Сондықтан имамдарымыз да алған білімдерін тиімді пайдаланады деген үміттеміз,-деді.

Имамдар да өз лебіздерін білдіріп, бұл институттың маңыздылығын екшек өткендей. Амидулла Абдуллаұлы, Алматы облысы, Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің бас имамы:

 

dsc_0567

  • Сіздерге Алла разы болсын дегім келеді. Бұл екі айлық оқу біз ойлағаннан да артық,  көп пайдалы болды. Қаншама қызықты, маңызды мәліметтермен танысып қана қоймай, білгенімізді қайта жетілдіріп, жаңартқандаймыз. Осы 2 ай бойы білім алған 20 имам да бір үйдің адамындай, бір атаның баласындай болып,  Нұр-Мүбарактың жатақханасындағы соңғы күнімізде бір-бірімізді қимастықпен хайырластық. Ерекше бауырластығымызды білдіріп, ағайындай араласайық деп жатырмыз. Біз бастаған білім көші жалғасын тапса дейміз. Бұл имамдарға аса қажет. Сіздердің қамқорлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз. Бастамаларыңыз өз жемісін беріп, ел болашағы үшін маңызды болады деген үміттеміз. Осы имамдар атынан сіздерге алғыс айта отырып, ҚМДБ-сы қандай тапсырма берсе, Ғұламалар кеңесі қандай фатуа шығарса, соны халыққа жеткізуге тырысамыз. Барлығымыздың илеп отырғанымыз бір терінің пұшпағы болғандықтан, хазіреті Мүфти өзіңіздің батаңызды алғаннан кейін тағы да жаңа қарқынмен жұмыс істеуге дайынбыз. Қазіргі жат ағымдардың ылаңы барлығы уақытша, ел бірлігі, дініміздің игілігі үшін еңбек етуге дайныбыз. Елбасымыз, дінбасымыз аман болса, әлі талай игі бастамалар жасалады деген сенімдеміз. Сіздерге тағы да  Алла разылығын тілеймін!

 

Сабыржан ЕСМУРЗИН, Қостанай облысы, «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы:

 

dsc_0581

  • Бұл ашылған институттың пайдас өте мол. Баршамыздың да, әріптестерімнің де тілеуі ел тыныштығы. Біз бұл бастаманың одан әрі жалғасып, дамуын қалаймыз. Әрине өркендеуді армандаған азаматқа білімінің жетілгені, әр нәрсеге толыққанды көзін жеткізіп үйренгені маңызды. Сондықтан «Нұр-Мүбарак» университеті жанынан ашылған иснтитуттың  пайдасы мол. Кей ұмытқан нәрселерімізді еске түсіріп, білмегенімізді үйреніп жатырмыз. Бірге білім алған тобымызда әрқайсысы  өз өңірінде жат ағымға кеткен жамағатпен жиі кездесетін, түрмедегі жазасын өтеушілермен жүздесіп жүрген имамдар. Менің өзім де сол жат ағымда жүрген бауырлармен кездескенде олардың себебінің де әрқилы екенін байқаймын. Біреуі білімі жоқтықтан, бірі ғаламтор арқылы уағыз тыңдап, солардың қармағына түсіп қалғандар. Енді бірі түбегейлі «өзіміздікі дұрыс, басқаны қабыл етпейміз» дейді. Олармен сөйлесе келе бірі «болды, енді осы күннен бастап дұрыс сенімде боламын» деп өзімізге қайтушылар да бар. Яғни әр адамның тағдыры әрқалай. Дүниежүзілік психологтардың айтуынша, жат ағымдарға кеткендердің санасын қайта қалпына келтіру үшін 15 жылдай уақыт керек екен. Сондықтан қазіргі ондай топқа кеткендермен  күресу бір күндік жұмыс емес, мықты ерік-жігерді талап етеді. Біз қолымыздан келгенше түсіндіруге тырысамыз әрине. Ең бастысы, жат ағымға ерушілерге айтарым, «мына елдің барлығы не айтып жатыр, дін қызметкерлері, имамдар бекер сөйлемейді ғой» деп бір сәт ойланса. Ата-бабамыз 14 ғасырдан бері адаспаған шығар деп,  «менікі ғана дұрыс» деген тәкаппарлықтан арылмай олардың кері қайтуы да қиын. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у) айтқандай мұсылман адам тәкаппарлықтан бойын таза ұстау керек. Ал осы жолда шамамыз жеткенше біліммен қаруланған біз де барынша еңбек етуге дайынбыз.

 

Осылайша 2 ай бойы «Нұр-Мүбарак»  университеті жанындағы институтта білімін жетілдірген 20 имам арнайы куәліктерін алып, қоғамға қарай бет түзеді. Алдағы уақытта бұл білім көші өз жалғасын таппақ.

dsc_0552

 

 

dsc_0607

 

 

_dsc0724

 

_dsc0739

 

dsc_0534

 

dsc_0579

 

dsc_0596