• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетін дамытуда кәсіпкерлерді үлес қосуға шақырды

Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетін дамытуда кәсіпкерлерді үлес қосуға шақырды

07/06/2018

Нұр-Мүбарак университеті оқу кешені құрылысының 2-ші кезеңі талқыланды

Еліміздегі бірегей ислами білім ордасы Нұр-Мүбарак университетінің ғимаратын кеңейту – уақыт талабына айналды. Себебі жыл сайын студенттердің саны артып келе жатқандықтан, оқу орнының ғимараты, дәрісханалар жетіспеушілігі анық байқалуда. Қасиетті Рамазан айының мүбәрәк кештерінде еліміздегі діни білімнің дамуына қолдау жасап жүрген кәсіпкерлер мен дін жанашырларының басын қосып, ауызашыр берді.

Нұр-Мүбарак мешітінде ақшам намазын оқып, алқалы жиынмен ауыз ашқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти хазірет Серікбай қажы Ораз шақыртуды қабыл алған азаматтарға алғысын айта келе келелі сөз бастады:

 

  • …Халқымыздың діні, тілі, салт-дәстүрі – елдігімізге кепіл басты құндылықтардан. Ұлықбек бабамыз Регистанда астрономия орталығын салса, одан араға 200 жыл салып жалаңтөс Баһадүр бабамыз медресе ашқан. Соның барлығы бүгінгі ұрпаққа жетіп, көрші бауырлас елдің мақтанышты қазынасына айналды. Тарихта бай-бағланның емес, ғұлама ғалымдардың, соңына өнегелі мұра қалдырған қолбасшы, патшалардың есімдері сақталғанына куәміз. Сондықтан бізге берген Алланың нығметі Нұр-Мүбарак университетін дамыту сіз бен біздің азаматтығымызға сын болған сындарлы кезеңде тұрмыз, – деп, білім шаңырағын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Бас мүфтидің сөзін жалғаған ректор, профессор Жуда Басюни Рамазанның қадір-қасиеті жайлы айта келе, білімнің артықшылығына тоқталды. Қазақстан тәуелсіздік алған кезде дінді үйрету үшін барынша қолдау жасаған Мысыр елі ұстаз-ғалымдармен қоса университет ғимараттарын, мешітті салды. «Қазір Мысыр мемлекеті әлемдік дағдарысты айқын сезінуде. Сондықтан осы ізгі бастаманың тоқтап қалмай, ел болып қолдауды қажет етеді. Бұл Алланың да, келешек ұрпақтың да алдында сауапты да жауапты іс дер едім», – деді ректор, профессор Жуда Басюни.

Нұр-Мүбарак университетінде қазір мыңнан аса шәкірт білім алса, биыл бөлінген білім гранттарының саны артып, одан өзге ақылы бөлімде оқушыларды қосқанда студенттердің сыйымдылығына университеттің мүмкіндігі тым шектеулі екендігін алға тарқан проректор, профессор Шамшәдин Керім жаңа оқу кешенінің жобасымен таныстырды. Ал Аппарат жетекшісі Рахымжан Әкімбеков өзі білім алған әл-Азһар университетінің қалыптасуына үлес қосқан Бейбарыс, Қайтпай бабаларымыздың қалдырған ізін мысалға ала отырып, Нұр-Мүбарак университетіне жасалған қолдау Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисіндегі үзідмейтін үш сауап: жария садақа, хайырлы ілім, салиқалы ұрпақ тәрбиесін ұштастырғанын алға тартты.

Берекелі сәтті Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз діни білім мен шәкірттерге қолдау жасаушы жомарт кәсіпкерлерге алғыс хат беріп, зор ризашылығын білдірді. Дін жолында мал-дүниесін сарп еткен жомарттардың

Ауызашар соңында ақ батасын жаудырған хазіреті Бас мүфтиге келген қонақтар да ризашылықтарын айтып, естелік суреттерге түсіп жатты. Келген қонақтардың барлығына қасиетті Құранмен сый-сыяпат жасалды.