Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бас мүфти ректор, профессор Жуда Басюниді арнайы қабылдады

28/12/2017

 

Кездесуде Нұр-Мүбарак университетінің даму жоспары талқыланды. Сондай-ақ Бас мүфти студенттердің  діни және дүниеуи білім сапасын көтеру, ақпараттық-технологиялық сауатын ашу, ұстаздардың тәжірибесін арттыру т.б. мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

«Қазір білім мен ақпараттық технологияның заманы. Шәкірттеріміз өзгелермен жақсылықта жарысуға дайын ба? Бәсекеге қаншалықты төтеп бере аламыз? Адамдармен тіл табысып, көркем уағыз айтуда шәкірттердің ілімі қай дәрежеде? Біз осындай мәселелерге көбірек көңіл бөлуіміз керек. Шәкірттердің білім сапасын арттыру – басты назарда. Шәкірттердің білім сапасын арттыру, ең алдымен ұстаздың ілімді шәкіртке жеткізе білу шеберлігіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты кемел, оқу бағдарламасы мейлінше жетік, оқулық пен оқу құралдарының сапасы қаншалықты жақсы болғанымен осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын кілт – ұстазда»,- деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

 

 

 

Бұл жөнінде ҚМДБ-ның www.muftyat.kz  ресми сайтында хабарланды.

Нұр-Мүбарак университетінде қазір бакалавр бойынша 1160  студент білім алуда. Магистратурада 63, докторантурада 26 шәкірт білім алуда.

 

 

Ұқсас жазбалар