Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бәсекеге қабілеттілік – жаһандану заманының талабы

20/07/2020

Таяуда ғана Нұр-Мүбарак университетінің стратегиялық жоспары жаңадан талқыланды.

2019-2020 оқу жылының қортынды жиынында университет проректоры білім беру ісін барынша оңтайландырып, қашықтан оқытудың жаңа тың әдістемелерін әзірлеудің қажеттілігін атап өтті. Яғни жаңа оқу жылында  оқу ордасының заман талабына сай 80 пайыз цифрлық жүйеге ауысу керектігі туралы айтқан болатын.

Осы тұрғыда Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Серік Бердібеков пікірін білдірді.

Бәсекеге қабілеттілік – жаһандану заманының талабы. Университет қазіргі таңда ақпараттық технологияларды сәтті қолданып, білім беруді жалғастыруда.

Одан өзге Ақпараттық технологиялар бөлімі университет проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевтың алға қойған бағыттарын негізге ала отырып, мақсаттарын айқындап алды. Олардың бірі – қашықтан оқытудағы білім берудің сапасын арттыру. Сонымен қатар университетіміздің цифрлық технологияларын пайдалана отырып, жалпы жүйені автоматтандыру».

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет кезеңі. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Осы аталған негіздер бойынша бүгінгі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті білім беруде.

 

Ұқсас жазбалар