Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

30/09/2020

                         

 

ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша имамдар мен теологтарға арналған біліктілікті арттыру курстары Нұр-Мүбарак университетінде өтті.

2020 жылдың 03 тамызы мен 03 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті тапсырысы бойынша Нұр-Мүбарак университетінде ислами бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеология өкілдерін дерадикализациялау және оңалту салаларындағы мамандарға бағытталған біліктілікті арттыру курстары жүзеге асты.

 Қазақстанда жоғары діни білім берудің бірегей мүмкіндігіне ие бола отырып, «Нұр-Мүбарак» университеті – қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы 140 академиялық сағатты құрайтын курстарды сәтті өткізді. Курс 16 пәнді қамтыды, оларды жоғары білікті мамандар, PhD докторлары мен профессорлар оқыды. Курс академиялық тәсіл және дерадикализация әдістерінің практикалық мәселелерін, шетін топтарға арнайы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды және деструктивті ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың психологиялық әдіс-тәсілдерін қамтитын заманауи дәріс бағдарламасымен ерекшеленді.

 Аталмыш курсты іске асыру мақсатында аранайы білім беру платформасы (http://nmu_2020_1.tilda.ws) әзірленді. Соның негізінде Telegram қосымшасындағы топтық арналар арқылы курс қатысушыларымен кері байланыс орнатылған дәрістер өткізілді. Мұнда тыңдаушылар оқытылатын материал бойынша өздерін қызықтыратын барлық сұрақты лекторларға тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Университет проректоры әрі жоба жетекшісі Қ.Құрманбаев мырза Қазақстан Республикасы АҚДМ Дін істері комитетінің «Нұр-Мүбарак» университеті базасында осындай имамдар мен теологтардың сауаттылығын арттыру мақсатындағы курстарды өткізу қажеттілігіне қатысты пікірі:

– Бүгінгі күні «Нұр-Мүбарак» университеті – ғылыми-әдістемелік базасы қалыптасқан, кәсіби академиялық және ғылыми дәрежелі оқытушы құрамымен қамтылған бірегей жоғарғы оқу орны. Ғалымдардың басым бөлігі дерадикализация бағытында тәжірибелі мамандар. Сондай-ақ білім ордасы – өзекті теологиялық мәселелерді зерттеуге, зерделеуге ғылыми потенциалы бар исламтану саласын қамтитын бай кітапханамен жабдықталған.

 Университет, ислам атын жамылған деструктивті және радикалды діни идеологияға қарсы күресуге, теріс ағым ықпалына түскен азаматтарды дерадикализациялау және оларды оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу үшін тиімді ғылым  ордасы  деп санаймын.