Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтті

04/06/2020

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 4 маусым  күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің  халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтті.

Шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди, университет проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев, Академиялық мәселелер департаментінің директоры,  дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев және кафедра меңгерушілері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Халық алдында онлайн есеп берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғы сөзін  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаудан бастады.

Сондай-ақ кездесу барысында министр А.Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының жұмыстарына баға беріп, еңбекақысын көтеру мәселесіне де тоқталды.

«Жоғарғы білім бойынша жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс 1,3 есеге көбейген және биыл түлектерге 53 мың грант беріледі. Президент тапсырмасымен биылдан бастап, грант құны көтеріледі. Оның бағасы 10 жыл бойы өзгермеген еді. Бұл ретте біз еңбекақыны көтеруді мемлекеттік ЖОО-ларға міндеттейміз.

Грант құнының көтерілуі педагогтардың да еңбекақысын арттыруға ықпал етуі тиіс. Кей оқу орындарында оқытушылардың еңбекақысы 70-80 мың теңге екені айтылады, бұл – қабылдауға келмейтін цифрлар. Соңғы жылы кей жерде 70%, кей жерде — 50%, 20% еңбекақы көтерілді. Бірақ, мемлекеттік тапсырыс құны көтерілген соң, әлі де ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыру мүмкіндігі бар» –деп атап өтті.

Одан өзге онлайн форматтағы есеп беру шарасында қашықтан оқыту туралы баяндалып, биылғы жылы магистратура мен докторантураға  оқуға түсемін деген жандар үшін аса өзгерістер орын алмайтындығы туралы сұрақ-жауап барысында айтылды.

 

Ұқсас жазбалар