Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы жасай берсін!

01/05/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Қадірлі қауым!!!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлік күні – бейбіт өмірде тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі.

Бұл күн татулығы мен келісімі жарасқан әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыщ пен ұлттық келісімнің мерекесі.

Осы күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

Барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Береке бастауы – бірлік. Елдің ішкі бірлігі оның әлеуетін арттырып, биік белестерге жетелейтіні сөзсіз.

Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін.

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлігіміз мәңгі жасай берсін! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа құт-береке тілеймін!

 

Ұқсас жазбалар