Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Биыл Нұр-Мүбарак университеті ғылым саласына бөлінген мемлекеттік гранттар саны артты

22/08/2017

Исламтану мен дінтану саласы бойынша биыл магистратура мен докторантуралық бөлімдерге Нұр-Мүбарак университетіне жылдағыдан артық мемлекеттік білім гранттары бөлінген. Ғылым ізденушілеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілген бұл мүмкіндік — ең әуелі еліміздегі рухани сала мен дінімізді дамытуға негізделгені анық. Нақтырақ айтсақ, докторантура бойынша дінтану саласына — 5, исламтану саласына — 4, ал магистратуралық бөлімге екі сала бойынша да бес білім грантынан 10 грант. Осылайша биыл магистратура мен докторантура бөліміне 19 мемлекеттік білім грант иелері қосылды. Магистратураға ғылым саласына енді аяқ басқан жас толқын өкілдері бұл сынаққа аса ыждаһаттылықпен дайындалғанын айтады. Тіпті бірнеше жыл қатарынан тапсырып тауы шағылса да биыл нәтижесін көргеніне төбелері көкке бір елі жетпей қалғандары да бар.

Ал докторантура бөліміне дін саласында жүрген белгілі азаматтар Ғылымбек Мәжиев, Ризабек Батталұлы, Бауыржан Әлиұлы, Мұратхан Махмет, Нұржан Стамбакиев, Юлдаш Бердімұратов, Салтанат Қағазбекова, Асылбек Сарсенбаев, Бауыржан Шайзан мырзалар бар.

Ерекше айта кетерлігі, білім грант иелері арасында Мысырдағы әл-Азһар университетінің түлектері да ойып орын алды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бүгінде тарихымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани саланы күшейтуге негіз болғаны рас. Еліміздің рухани жаңғыруына білікті мамандар даярлаумен үлес қосып келе жатқан „Нұр-Мүбарак„ университетіндегі жаңа мүмкіндіктер еліміздегі шынайы рухани жаңғыруға жол бастары сөзсіз.

 

Ұқсас жазбалар