Биылғы ЖОО қабылдау ережелерінде жаңалықтар бар!

13/06/2016

Университет студенттерiне Египеттің ЖОО-да курстардан, машықтанудан өтуге, магистратура мен докторантурада  бiлiмiн тереңдетуге, ғылыммен айналысуға мүмкiндiк  жасалған.

Нұр-Мүбарак  Египет ислам мәдениеті университетіне биыл 15 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстанда ғана емес ТМД елдері бойынша өзіндік салмақты орынға ие болған университеттің болашағына деген сенім уақыт өткен сайын артып келеді. Қазіргі түрлі  діни ағымдар мен күмәнді наным-түсініктер көбейген кезеңде ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолымен жүріп қана қоймай, телегей теңіз ислам ғылымына есік ашқыңыз келсе, онда «Нұр-Мүбарак»  университеті таптырмас мүмкіндік.

Мысырдағы мың жылдық тарихы бар әл-Азһар университетінің білікті ғалымдары мен отандық білімді ұстаз-ғалымдардан  құралған  профессорлық-оқытушылар құрамы шәкірттерге  қашанда  ілім-білім үйретуден жалыққан емес. Озық білім, ізгілікті тәрбие, имандылық бесігі болған «Нұр-Мүбарак» университеті  исламтану, дінтану, екі шет тілі мамандықтарын игеремін деген талапкерлерді оқуға шақырады.

 

БАКАЛАВРИАТ:

Күндізгі бөлім:

«5В021500 — Исламтану»  (ерлер және қыздар бөлiмi, орыс бөлімі);

«5В020600 – Дiнтану»;

«5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi).

Ақылы негізде: Исламтану мен дінтану – 342 900 теңге;

                          Шет тiлi: екi шет тiлi – 443 300 теңге.

 

Сырттай бөлім:

«5В020600–Дiнтану»  (Екінші жоғары білім).

Ақылы негізде: жылдық төлемақы — 298 000 теңге.

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ:

Магистратура:

«6M021000-Шетел филологиясы»

«6М020600- Дінтану»

«6М021500 — Исламтану»

Ақылы негізде: үш мамандыққа да жылдық төлемақы — 396 000 теңге.

 

Докторантура:

«6D021500 — Исламтану»

«6D020600 – Дiнтану»

«6D021000–Шетел филологиясы»

 

Исламтану мамандығын таңдаған  талапкерлерден  құжаттар 20 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданады.

2-7 шілде аралығында Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады.

17-23 шілде аралығында Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіледі. (Биыл ҰБТ тапсырғандар тапсырмайды).

Ал,  «5В020600 – Дiнтану», «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтары бойынша қабылдау  жалпы жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес өтеді. Яғни кешенді тестілеу немесе ҰБТ-дан  өту балын жинаған талапкерлер қабылданады. Өту балы-50 балл.

ҰБТ және кешенді тестілеуден өту балын жинай алмаған талапкерлер тамыз айында қайта кешенді тестілеуге қатыса алады.

 

Керекті құжаттар:

  1. Өтініш;
  2. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  3. 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;
  4. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография снимок;
  5. 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
  6. Жеке куәлік көшірмесі.

Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін Наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

 

Ескерту. 086-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және суреттің үстінде медициналық тексеруден өткен мекеменің мөрі болуы міндетті. Болмаған жағдайда құжат қабылданбайды.

 

Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «Академиялық қалашық» аялдамасы.
тел.:8 (727)  302-09-43,

302-09-34.

Факс:8(727) 302-09-30.
Сайт: www.nmu.kz.
E-mail: nmu_priemkom@mail.ru.