Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Біздің  7 студент Республикалық тұңғыш Құран сайысында жүлдегер

06/05/2016

 

Бүгін мәресіне жеткен  қыздар арасындағы тұнғыш Республикалық қасиетті Құран жарысының марапттау рәсімі өтті. Ақтық сынға шыққан 35 қари қыз-келіншектердің  21-і жүлделі орындарға ие болса, оның үштен бірі Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірттеріне тиесілі болды. Бұның өзі университеттің діни білім берудегі еліміздегі озық үлгісінің көрсеткіші екені даусыз.  3 500 000 (3 жарым млн теңге) теңге жүлде қорынан жарысқа қатысқан барлық қариларға ынталандыру сыйлығы мен ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ ақтық сынға өткен барлық нәзік жанды қариларға көтерме сыйақы берілді.

 

Сонымен Республикалық I Құран жарысының жеңімпаздары:

 

1)1 Пара 16 жасқа дейінгі , жалпы 38 қари қатысып, оның 5-і финалға өтті.

 

1 орын Ермекқазы Әмина – 9 жаста  (Павлодар)

2 орын Бейсекенова Ясмин – 8 жаста (Павлодар)

3 орын Оқас Меруерт – 14 жаста (Алматы қаласы)

 

Одан өзге финалға өткен Бақыт Сумайя мен Бейсеналы Әминаларға көтерме сыйақы мен арнайы диплом табыс етілді.

2)1 пара 16-22 жас арасы, баралығы 39 қари қатысып, 5-финалға өтті.

 

1 орын– Тұяқова Меруерт («Нұр-Мүбарак» университеті)

2 орын – Талапбергенова Мухлиса (ОҚО)

3 орын — Қасимбекова Насиба (ОҚО)

 Финалға өткендер қатарында  Әппай Айша және Бақытқалиева Майя арнайы диплом мен арнайы ынталандыру сыйақысына ие болды.

 

3) 1 пара 22 жастан жоғары топқа барлығы 25 қыз қатысып, финалға 6 қари өтті.

1 орын – Мусина Назерке (Ақтау)

2 орын – Карсембаева Жадыра («Нұр-Мүбарак» университеті)

3 орын — Әбдеш Айдана (Алматы қаласы)

 

Одан өзге финалға:  Аязбекова Айгерім, Әбубәкір Мариям ,  Ходанова Назерке ханымдар өтті . Оларға арнайы дипломмен қатар көтерме ақшалай сыйақы беріледі.

 

4) 2 пара бойынша қатысушылар санына қарай бір топ қана жасақталды.

1 орын – Тілеуова Сая (Алматы қаласы)

2 орын –  Жанібекова Қызғалдақ  («Нұр-Мүбарак» университеті)

3 орын –  Сайдинабиева Амина  (ОҚО облысы)

 

Финалистер қатарында Бапақова Алтын, Кетпенбаева Зияш, Телемгенова Ботагөз бар.

 

5) 3 пара бойынша 10 қыз қатысып, финалға 5-і іріктелді.

 

1 орын – Дусова Дана (Сарыағаш медресесі)

2 орын – Ақүрпикова Гүлзат («Нұр-Мүбарак» университеті)

3 орын – Қамысбаева Гүлжауһар («Нұр-Мүбарак» университеті)

 

Финалистер:  Сарсенова Рахия, Сарсенова Айнагүл.

 

6) 5 пара бойынша 7 қыздан финалға 4 қари өтті.

 

1 орын – Игиликова Айнұр («Нұр-Мүбарак» университеті)

2 орын – Музаббарова Зайнаб (ОҚО облысы)

3 орын – Зарубаева Айнұр (Сарыағаш медресесі)

 

Финалға шыққан төртінші қари  Әліпбай Фатимаға  диплом және арнайы көтерме сыйақы.

 

7) 10 пара бойынша 6 қыз қатысып, оның 4-і финалға өтті.

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мырзалар марапаттады.

1 орын – Анарқұл Айгерім (ОҚО облысы)

2 орын – Ілеспек Айша (Астана)

3 орын – Тұрғанжан Гүлзар («Нұр-Мүбарак» университеті)

 

Әрине бұл жарыста жеңілуші жоқ. Себебі әрқайсысы жүрегінде Құран арқалаған арулардың барлығы Алланың құзырында жеңімпаз. Бір-бір шаңырақтың берекесін келтіруші келіншектер мен  болашағынан зор үміт күттіріп отырған бүлдіршін қыздарде ертеңгі еліміздің имандылығын арттыратынына сенім мол. Сондықтан болашақта өз үрдісін табатын бұл сайыстың қолдаушылар көбейеді деген үміт те мол.

 

ФОТОРЕПОРТАЖ

 

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

 

 

????????????????????????????????????

 

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

 

Ұқсас жазбалар