Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Біздің студент әлемдік қыздар арасындағы Құран жарысында екінші турға өтті

17/11/2016

dubai

 

 

Қазір Бірікке Араб  Әмірліктерінде қыздар арасында алғаш рет халықаралық деңгейде қасиетті Құран хафиздарының жарысы өтуде. Дубай қаласына Алланың кәламын  бастан-аяқ жаттаған әлемнің 74 мемлекетінен  нәзік жандар жиналды.  Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Гүлзар Тұрғанжан да еліміздің намысын қорғауда. Іріктеуден мүдірмей өткен Гүлзар екінші турда да бақ сынады. Күніне 7 қыздан сынға түскен қыздардың Қасиетті Құранды жатқа білуі, тәжуид қырағаты жан-жақты таразылануда.

  • Жарыс оңай емес. Тікелей эфир арқылы көрсетіліп жатқан бәйгеде өте мықты Құран қариларының бар екенін аңғаруға болады,-деді Гүлзармен хабарласқанымызда.

Біз де елден жырақта қасиетті Құранды жадына жаттап, жүрегіне  сақтаған  студентімізге  сәттілік тілейміз. Қарашаның 6-да басталған халықаралық бәйге жеңімпаздары ертең, қасиетті жұмада белгілі болмақ. Гүлзар Тұрғанжан өткен мамыр айында «Нұр-Мүбарак» университетінде  елімізде өткен тұңғыш қыздар арасындағы Республикалық Құран қариларының жарысында жүлделі орынға ие болғанын еске сала кетейік.

 

 

 

dubai1

 

dubai2

Ұқсас жазбалар