Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Біздің студент Орта Азиядағы лаңкестікке қарсы құрылған жастар тобының белсенді мүшесі

30/03/2016

 

  Экстремизм мен терроризмге қарсы құрылған Орта Азиялық белсенді топ  құрамына жас исламтанушы ретінде енген Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті  Әлішер Балахмет  «Ортақ құндылықтарды іздеу (Search for Common Ground)» Халықаралық үкіметтік емес корпорация ұйымдастырған форумнан оралды. Бішкек қаласында орналасқан корпорация өкілдігі осы Орта Азиядағы  түрлі экстремизм мен  терроризмге қарсы ірі шаралардың ұйытқысына айналуда.

Әлішер Балахмет: «Өткен жылы қазан айында университет басшылығы тарапынан маған Бішкек қаласында өтетін  халықаралық жастар жиынына баруға ұсыныс жасалды. Қазақстан атынан түрлі сала бойынша 6 студент құрамына мен жас исламтанушы ретінде таңдалдым.  Біздің негізгі мақсатымыз Орта Азиядағы экстремизм мен терроризмге байланысты жастардың ойын зерттеп, жинақтау болды. Екі күнге созылған жастар форумында біз өз тарапымыздан ұсыныс-тілектерімізді айтып, Қазақстанның батыс өңірлерінде жастармен семинар-тренингтер өткізуді ұсындық»,-деп  ойымен бөлісті.

Осы ұсыныстарға сәйкес белсенді жастар тобы биылғы қаңтар айында Астана қаласында семинар-тренинг өткізген. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық спикерлер тағайындалған. Осы шара нәтижесінде online трянсляциясында, яғни ғаламтор арқылы тікелей эфирде оқытып, дамыту жолға қойыла бастаған. Енді жақында ғана Бішкектен жарты жылда жасалған жұмыстарға Бішкектегі  «Ортақ құндылықтарды іздеу (Search for Common Ground)» Халықаралық үкіметтік емес корпорация өкілдігіне есеп беріп қайтқан қазақстандық белсенді жастар тобының ендігі нысанасы Оңтүстік аймақ.

Қазір «Астана» радиосы мен аймақтық телеарналар арқылы солтүстік өңірде, Петропавл қаласында  жоғарғы сынып және студенттер арасында семинарлар ұйымдастырылып,  тікелей эфир арқылы Орта Азияның білікті теолог, дінтанушылары дәріс жүргізуде. Жастар тарапынан көбіне діни, ИШИМ-ге кетіп жатқан жастар, экстремизм мен терроризмнің айырмашылығы, тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына қатысты да сан түрлі сауалдар қойылады екен. Теологтар енді тікелей эфир арқылы нәпсімен күрес жайлы Құран және хадистер бойынша дәріс жүргізуді жоспарлауда.

Ұқсас жазбалар