Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Біздің студент республикалық ең үздік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпазы

20/11/2018

Нұр-Мүбарак университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша білім алушы студент Назгүл Токова ғылыми зерттеу аясында республикалық байқау жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі  жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша еліміздегі жоғары оқу орындарындағы студенттер арасында ғылыми жұмыстарға байқау жариялаған болатын. Осы білім сайысында ең үздік ғылыми жұмысы үшін Назгүл Токова  министр Ерлан Сағадиевтің қолымен  3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшілік жасаған  PhD, доцент м.а. Альбина Дүйсенбаева. Жеңімпаз дипломант Назгүл Токова: Бұл ең әуелі өзім білім алып жатқан Нұр-Мүбарак университетінің, «Дінтану» кафедрасы ұстаздарының берген білімі мен бағыт-бағдарының жемісі деп білемін, — деп университет пен ұстаздарына алғысын білдірді.

Естеріңізде болса, биылғы ұлттық рейтинг бойынша еліміздегі іргелі 6 жоғары оқу орын арасынан Нұр-Мүбарак университеті «6М020600-Дінтану», яғни дінтану магистратура саласында  №1 деп танылған болатын. Ал «6D020600-Дінтану» докторантурада әл-Фараби ҚазҰУ-нің өкшесін басып, екінші орында. Бұдан өзге мамыр айында тәуелсіз халықаралық сарапшылар тарапынан университеттегі  дінтану мамандығына қатысты сыртқы аудит сараптамалары жоғары нәтижеге ие болып, гуманитарлық ғылымдар саласында Нұр-Мүбарак университеті 4-ші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дан кейінгі орынды иемденіп отыр.

 

 

 

Ұқсас жазбалар