Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Біздің студенттер Халықаралық ғылыми конференцияда озық шықты

20/04/2018

 

 

 

Халықаралық Фараби оқулары  аясында  студенттер мен жас ғалымдар үшін «Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті» атты XXXІII халықаралық ғылыми конференцияда Нұр-Мүбарак университетінің 4 бірдей студенті жүлделі орындарға ие болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін конференцияға еліміздің оннан аса жоғары оқу орнынан және Жапония, Монголия, Испания, Иордания, Вьетнам, Марокко, Филиппин, Корея, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Түркменстан, т.б. мемлекеттен студенттер қатысты.

Нұр-Мүбарак университетіндегі «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығынан Ідіріс Илия ағылшын тілінде «Using innovative technologies in learning foreign languages» атты тақырыпта баяндама жасап, ІІ дәрежелі дипломымен, исламтану мамандығының 3 курс студенті Рахымжан Раят «Цифрлы технологияның мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми еңбегі үшін ІІ дәрежелі дипломымен марапатталса, І курс студенті Абдраман Ерасыл «Beliefs and superstitions in English and Kazakh» атты ғылыми жобасы үшін және Ескермесов Жарқын «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам» атты ғылыми жобасы үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар беріліп, аталған еңбектер конференция жинағында басылып шықпақ.

Жеңімпаз студенттердің ғылыми жетекшісі Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Рысбаева Гүлдархан Қалиқызына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басышлығының арнайы Дипломы табысталды.

Университет мәртебесін көтерген болашақ ғылым ізденушілеріне оқу орын басшылығы арнайы салтанатты жиында құттықтап, Алғыс хат беріп, шығармашылық табыс тіледі.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар