Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Біздің университет Павлодар облысында екі меморандумға қол қойды.

16/11/2016

pavlodar

 

 

«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни бастаған делегация  Павлодарда  «Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» атты II  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Іссапардағы делегация құрамында университеттің Аппарат басшысы Болатбек Абуов, докторант Еркінбек Шохаевтар бірқатар маңызды шараларға қатысты.

Конференцияның аты атып тұрғандай бүгінде тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қауіп төндіріп тұрған  лаңкестік пен одан туындайтын қоғамдық қауіп-қатерлер жан-жақты талқыланды. Доктор, профессор Жуда  Басюни  Ислам дінінің  бейбітшілік пен өркениет діні екенін ғылыми тұрғыда  түсіндіріп қана қоймай, «жиһад» ұғымының мән-мағынасы жайлы да жан-жақты тоқталып өтті.

Ал университетіміздің докторанты, белгілі исламтанушы Еркінбек Шохаев «Буквализм –такфиризм идеясына тән сипат» тақырыбында баяндама жасап, бүгінде сыналап кіріп, адамдардың санасын улайтын  ислам атын жамылған радикалды топтардың сипаттары мен зардаптарын ашып айтты.

Сондай-ақ  іссапар аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің делегациясы  Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институмын Павлодар облыстық Дін істері жөніндегі басқармасымен  өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Ислам ғалымымен Павлодардағы ҚМДБ-на қарасты «Әбу Бәкір Сыддық»  медресесінің шәкірттері кездесіп, дәрісін тыңдап, көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалдарына жауап алды. Бұл кездесу шәкірттерге жаңа үміттерге жол ашқандай. Сонымен қатар  «Павлодар-Қазақстан» телеарнасы арнайы сұхбатқа шақырып, ректор, профессор Жуда Басюни  қазіргі еліміздегі діни ахуалға жан-жақты тоқтала келе, ислами мамандарды даярлаушы «Нұр-Мүбарак» ниверситеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен қатар оқу жүйесіндегі мәселелер жөнін де толыққанды айтып  өтті.

Жаңалықтар мен жаңа жүздесулерге толы  «Нұр-Мүбарак»  университеті делегациясының бұл сапары  Павлодар өңіріне ерекше серпіліс сыйлағандай.

 

pavlodar1

 

pavlodar2

pavlodar1a

 

pav1

 

pav2

 

 

 

pavlodar4

 

pavlodar5

 

pavlodar6

 

pavlodar7

 

pavlodar8

 

pavlodar9

 

pavlodar10

 

pavlodar11

Ұқсас жазбалар