News

БҚО-ның өкіл имамы оралдық студенттермен кездесті

26/09/2019

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек Мұхтарханұлы Нұр-Мүбарак университетінде болып, оралдық студенттермен кездесті. Өкіл имам олардың әрқайсысының жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен, жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдап, оларға ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы өкілдігі тарапынан жасалып жатқан көмек пен қолдаулар, алдағы аманат-міндеттер туралы айтты.

Сонымен қатар өкіл имам студенттерге облыс көлемінде атқарылып жатқан діни ахуалмен таныстырып, білікті мамандардың қажеттігін алға тартты. Мұратбек Қыстаубаев: «Университет түлектері тек имамдық салаға ғана емес, түзеу мекемелері, департамент, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттеріне сұраныс артуда. Ел арасындағы жат ағым жетегіндегілермен күресуде жоғары білімді мамандардың мерейі үстем түсуде. Сондықтан ел руханияты үшін белсене іске кірісетін жас мамандар ауадай қажет. Алла жолында, ел игілігі үшін, имандылықты арттыру үшін еңбек еткен азаматтың да мерейі үстем болатынын өмір дәлелдеп келеді»,- деді бас имам.

Осындай жағдайларды алға тартқан өкіл имам болашақ түлектерді өзінің туған өңіріне қызмет ету аса қажетті екендігін түсіндірді. Сондықтан да жастарға артылар сенім де, үміт пен міндет те орасан екенін жеткізді Мұратбек Мұхтарханұлы.

 

 

 

Related news