Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу тақырыбында вебинар өтті

29/05/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті «Араб және ағылшын тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен Zoom қосымшасы арқылы «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу тақырыбында Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, Warwick университетінің докторанты Ноғайбаева Ақмаржанмен  тікелей эфир өтті.

Кездесу барысында А.Ноғайбаева шетелдік университеттерге магистратура мен докторантураға түсуге, сондай-ақ біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасу туралы кеңінен  түсіндірді.

Сондай-ақ құжаттарды жіберу тәртібімен таныстырып, мотивациялық хатты жазудың қыр-сырын, IELTS пен GPA-дің маңыздылығына тоқталды. Ең бастысы – өз таңдаған мамандығыңыз бойынша өзекті мәселелерді зерттеп алып, жетекшімен байланыс орнатудың дұрыстығын ашып айтты.

Одан өзге вебинарда Англияда оқу мен қоса өз іс тәжірибесін айтып, отандық білім жүйесі мен Англия білім жүйесі арасындағы айырмашылықты да ажыратып, өз пікірімен бөлісті. Қатысушылар көкейтесті сұрақтарын қою арқылы ашық ойларын білдірді.

Аталмыш онлайн форматта өткен тікелей эфир болашақта ғылым жолында ізденемін деген жастарға мотватция сыйлады. Сапалы білім алып, мансапқа сай жұмыс істеймін деген жандар үшін бұл кездесу алдағы уақытта жалғасын табады.

 

Ұқсас жазбалар