Чемпион-студенттер арамызда!

21/11/2017

Салауатты өмір салты - жетістіктің бастауы!

Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жастар мен ерлер арасындағы II Азия чемпионатында Нұр-Мүбарак университетінің студенті Ерасыл Қайыргелдин бірінші дәрежелі дипломға ие болып, алтыннан алқа тақты. Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында өткен  Азия чемпионатына Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей елдерінің спортшылары қатысқан. Ал 52 салмақта  7 мемлекеттен 10  үміткер арасынан Ерасыл қарсыластарына дес бермеді. Чемпион Ерасыл Қайыргелдин Нұр-Мүбарак университетінің Исламтану бөлімінің бірінші курсында білім алады. Ол жекпе-жекпен соңғы екі жылда айналысқан екен. Ал оған дейін еркін күресті еркін меңгерген.

 

Ал грек-рим күресінен бірінші курс студенті Қизат Заңғар Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған республикалық сайыста күмістен алқа тақты. 130 кг салмақ дәрежесінде IX жазғы универсиада жеңімпазы Бас директор С.Мұстафаевтың қолымен  арнайы марапаттына ие болды.

Міне осындай спорттың сан түрлі жарыстарындағы жемісті жетістіктер университет студенттерінің арасында салауаттылықты арттыруда ерекше ықпал етуде.