Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Дайындық курстары қашықтан білім беру жүйесіне көшті

24/04/2020

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық курстары шәкірттерінің өмірін бірінші орынға қойып, қауіптің алдын алу үшін сәуір айынан бастап қашықтан білім беру жүйесіне көшті.

Онлайн форматта оқыту туралы дайындық курстарының ұстаздары пікір білдірді.

Талғар дайындық курсының ұстазы Ғабит Мауленбаев: «Қазіргі таңда пандемия жағдайын ескеріп, шәкірттеріміз дәрістерін онлайн жүйеде жалғастыруда. Кейбір ұстаздар whatsApp арқылы, ал кейбірі  zoom қосымшасы арқылы сабақтарын беріп жатыр. Қандай мүмкіншілік болса, барлығын пайдаланудамыз. Офлайн форматта оқылатын сабақтардың барлығы  онлайн жүйеде өтіліп отыр. Одан өзге ҰБТ-ға дайындық негізінде оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихынан дайындық  сабақтары басталды».

Шымкент қаласындағы дайындық курстың ұстазы Ташмахан Оралхан: «Интернет желісі әр жерде түрлі ұстауына байланысты оқушыларымызға дәрістерді whatsApp арқылы оқытудамыз. Көбінесе, ұстаздар шәкірттерді өз ара бөліп алып, whatsApp-ғы бейнеқоңырау  арқылы сабақтарын беруде.

Ақтөбе қаласындағы  дайындық курсының ұстазы Дастан Ұзақбаев: «Коронавирустық инфекцияның карантиндік кезеңінде шәкірттеріміз онлайн дәріс өтуде. Елде төтенше жағдай орын алғаннан бастап біздің өңірде интернет ресурстары әлсіз жұмыс істейді. Ал ол жағдай сабақ беру барысында кедергілерге алып келді. Алғашқыда біз телеграм каналын пайдаландық. Бірақ, интернеттің жылдамдығы әлсіз болуына орай, файлдарды жүктеу бірнеше сағатты алды. Сол себепті біз ортақ шешімге келіп, whatsApp арқылы аудио, видео, документ ретінде жіберіп жатырмыз. Қашықтан оқудағы алғашқы сабағымыз кез-келген сынаққа сабыр ету тақырыбына арналды. Бірінші аптада бізде бейімделу т.б болғанымен  қазіргі уақытта онлайн форматқа үйрендік».

Дайындық курс ұстаздарының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда қашықтан оқытуға байланысты қиындықтар жоқ.

Ұқсас жазбалар