Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ДІК төраға орынбасары Әнуар Хатиев Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді

10/12/2019

Еліміздегі жалғыз ислами білім шаңырағының ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат  Нұр-Сұлтаннан келген құрметті қонақтарды арнайы қабылдады. Ректор ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төраға орынбасары Әнуар Хатиев пен ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевке университеттің тыныс-тіршілігі, дін мамандарын даярлаудағы ерекшеліктер жайлы таныстырып,  «Біз студенттерге исламның классикалық үлгісін оқытамыз. Қоғамға ислам діні жайлы дұрыс білім жеткізіп, түсінік қалыптастыратын біздің студенттер болғандықтан олдардың  дінмен шектелмей, жан-жақты болып дамуына ерекше назарда ұстаймыз»,- деді ректор.

  • Ислам діні жайлы дұрыс білім, дұрыс түсінік теріс ағымдардың алдын алудың тікелей жолы. Қазіргі жат ағымдардың елімізде етек алғаны олардың рухани вакумын теріс діни түсінікпен, сенімінің теріс бағытта қалыптасуымен тікелей байланысты. Осы орйда, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанған ханафилік ұстанымын ғылыми тұрғыда дамытуға ерекше назар аударудамыз,-деді проректор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Арнайы қабылдаудан кейін құрметті қонақтар университет кешенін аралап, дәріс аудиториялары, кітапхана, SmartClass, асхана, жатақхана, мешіт жұмыстарымен танысты. Факультет, кафедра меңгерушілерімен кездесіп, университет дамуына қатысты деректермен танысты. Өз кезегінде ҚР АҚДМ ДІК  төраға орынбасары Әнуар Хатиев ел дамуына елеулі үлес қосып отырған жоғары білім шаңырағына мемлекет тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілетінін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар