Дінтану бойынша «Нұр-Мүбарак» университеті  жеңімпаздар қатарында

01/04/2016

Түркістанда Республикалық дінтану және теология пәндері бойынша VІII олимпиада өтті.

 

 

«Нұр-Мүбарак»  университетінің  дінтану мамандығы бойынша білім алушы студенттер  жоғары оқу орындары  арасындағы  Республикалық дінтану және теология  пән VІII олимпиадасында топтық құрамда жеңімпаздар қатарында. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қожа Ахмет Яссауидің 850 жылдығы»  тақырыбы  аясында  наурыздың  30-31 күндері екі күн бойы білімдерін сынға салды. 6 университеттен келген студенттік топтар арасынан «Нұр-Мүбарак»  университетінің «Дінтану» кафедрасы атынан құрылған топ жүлделі екінші орынға ие болды.

«Нұр-Мүбарак» университеті «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Қалмахан Ержан   әлеуметтік желі арқылы қуанышымен бөлісіп, оған жұртшылық  ізгі тілектері мен құттықтауларын білдіріп жатыр.

«Нұр-Мүбарак» университеті еліміздегі «Исламтану» мамандығы бойынша маман даярлайтын бірегей оқу орны  әрі мұнда  «дінтану», «екі шет тілі» мамандықтары да оқытылады. Білікті ұстаздар,  Мысырдағы Әл-Азһар  университетінің доктор, профессорлары дәріс береді. Ал дінтану саласы бойынша студенттердің жеңісі Нұр-Мүбарак университетінің дәрежесін айқындай түскені даусыз.

 

 

turkistan2