Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Дінтану» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің диплом қорғауы өтті

20/05/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті «5В020600 – Дінтану» мамандығы бойынша диплом қорғау ZOOM қосымшасы арқылы өтті.

Аталған мамандық бойынша 4 курс студенттерінің диплом қорғауы комиссиясының төрағасы филос.ғ.д.проф Б.М.Сатершинов болды. Ал комиссия мүшелері: Дінтану кафдерасының меңгерушісі PhD қауымд. проф. Қ.С.Ержан,  филос.ғ.д. Қ.А.Затов, PhD Ж.Бұлан, PhD Д.А.Сихимбаева.

Студенттер арасында  Нұржігіт Алжигитовтың жұмысы ерекше көзге ілініп, төраға тарапынан ерекше атап өтілді. Диплом жұмысы Google формасы жүйесінде бағаланды.

Комиссия мүшелері корытындысына  келсек, қорғауға қатысқан барлық студенттерге бакалавр дәрежесі берілуге ұсынылды.

Студенттердің дипломдық тақырыптары мен ғылыми жетекшілері

Студент Айнадинов Нурлан Есенбайулы: «Атеистік сананың әлеуметтік-психологиялық негіздері», ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы  Ж.Ж.Ишмаханов.

Студент  Алжигитов Нуржигит Туйгынбекулы: «Ерте христиандықтағы сенім дискурсы», ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Е.Н.Есімқұлов.

Студент  Борисұлы Мұратбек: «Ахмадия жамағатының діни ілімі мен ұстанымдары», ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Е.Н.Есімқұлов .

 Студент  Әбіш Ерхан Сапарбайұлы: «Христиан және ислам діндерінің сенімдік ерекшеліктері (салыстырмалы талдау)», ғылыми жетекшісі: PhD Бұлан Жоламан.

Студент  Мукашев Азат Бауржанович: «Ислам әлеміндегі реформаторлық қозғалыстар», ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Имамумади Түсіпхан.

Студент Құдайбергенов Арнат Қанатұлы: «Яһудиліктің қасиетті мәтіндерінің жазылуы мен жинақталуы», ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы  Ж.Ж.Ишмаханов.

Студент Текбаев Нұржан Серікбайұлы: «Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің миссионерлік қызметі: тарихы мен қазіргі кезеңі» ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Затов Қайрат Айтбекұлы.  Жалпы ғылыми жұмыстың жоспары, мазмұны мен маңыздылығы ашылмаған.

Студент Турдалы Алмат Нұрсұлтанұлы: «Қазіргі заманғы ғылым және дін арақатынасы: тенденциялары мен перспективалары»,  ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. доцент Хамзеева Базар.

Студент Шалқар Шыңғысхан Айдарұлы: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар», ғылыми жетекшісі: PhD доц.м.а. А.Қ.Дүйсенбаева.

 

Ұқсас жазбалар