• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Университеттегі «Дінтану» мамандығына мамандандырылған аккредитация бойынша сыртқы аудит жұмыстары басталды

Университеттегі «Дінтану» мамандығына мамандандырылған аккредитация бойынша сыртқы аудит жұмыстары басталды

14/05/2018

Бұл Нұр-Мүбарак университеті үшін өте жауапты сәттерден деуге болады. Себебі үш деңгейлі бағдарлама бойынша...

Бұл Нұр-Мүбарак университеті үшін өте жауапты сәттерден деуге болады. Себебі үш деңгейлі бағдарлама бойынша мамандар даярланатын дінтану саласы бойынша болашақта қаншалықты бұл қызметті жалғастыруға болады деген сауалға құрамында халықаралық деңгейдегі қос сарапшысы бар арнайы комиссия сараламақ.

 

Комиссия басшылы Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.кандидаты Кеңшілік Тышқан бастаған сарапшылар құрамында халықаралық сарапшылар: Катар елінен Джорджтаун университетінің салыстырмалы дінтану кафедрасының профессоры Патрик Лауде, Египет Араб Республикасының сапа және аккредитациямен қамту Ұлттық комиссиясының вице-президенті Ражиа Али Махмуд Таха ханым бар. Сондай-ақ отандық сарапшылар: «Абу Ханифа» медресе-колледжінің директоры  Құлмұхаммед Махамбет, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, аудит департаментінің директоры, п.ғ.к., доцент Жанна Ахмадиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты Ұлжан Тұңғатова, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, сапа және анализ департаментінің сарапшысы Айгерім Каримовалар бар. Жұмыс алдында сарапшыларды университет ректоры, профессор Жуда Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар қабылдап оқу орнының тарихы мен жоспар, болашақтары жайлы айтып, сәттілік тіледі.

Алғашқы күні халықаралық сарапшылар тобы университеттің бүкіл кафедра, бөлім меңгерушілері кездесіп, сұхбат жасалды. Сосын бакалавриат, магистратура, докторантура, оқытушы-профессорлық құрам, жұмыс берушілер, түлектер тобы кездесіп сұхбаттар жасалды.

Комиссияның қандай шешімге келетіні тексерудің екінші күнінің соңында жарияланбақ.