Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесінің алғашқы онлайн жиналысы өтті

27/05/2020

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі іске қосылып, алғашқы онлайн жиналысы өткендігі туралы www.muftyat.kz хабарлады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген онлайн Төралқа мәжілісінде 34 мәселе талқыланды. Атап айтсақ, «Нұр-Мүбарак» университеті мен медресе-колледж шәкірттерін діни қызметке бөлу, онлайн режимге көшкен сауат ашу курстарының жұмысын жетілдіру, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында елді-мекендерде 30 көпір салу сынды қайырымдылық шараларды жалғастыру, имамдардың білімін жетілдіру мақсатында онлайн курс ұйымдастыру, мешіттерге ат қоюды жүйелеу, т.б. мәселелер қаралды.

Одан өзге «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі тек онлайн жиналыстармен ғана шектелмейді. Аталған ақпараттық жүйеге имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілуде.

«Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді», – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ұқсас жазбалар