ЕАР ӨКІЛДЕРІ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ МЫСЫРЛЫҚ ОҚЫТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Нұр-Мүбарак университетіне Қазақстандағы Египет Араб Республикасының елшісі Мәнәл әш-Шәннәуи  мен  ЕАР Жоғары білім министрлігінің өкілі, доктор, профессор Мұхаммад Әс-Сержани арнайы ат басын тіреді. Ректор, профессор Мұхаммад аш-Шахаттың қабыладуында болып, университеттің тыныс-тіршілігі мен болашақ жоспарлар жайлы да жан-жақты  бағдарлады.

Арнайы қабыладудан кейін университеттегі мысырлық  оқытушы-профессорлармен кездесіп, оқу жылының жай жапсары ғана емес, ұстаздардың ой-пікірлері тыңдалды. Алдағы оқу жылында білім сапасын арттыруға қатысты пікірлер талқыланды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

61